Қант қызылшасын өндіру тоқтаусыз өсіп келеді

31.10.2019, 20:25

18

Қант қызылшасыАлматы облысының сонау Совет өкіметі кезінен бергі ерекше мән беріп келе жатқаншаруашылықтарының бірі. Бір кездері бүкіл одаққа қант таратқан Ақсу қант зауытыжабылып қалып, оны кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайықозғап, содан көп өтпей-ақ Ақсу қант зауыты қайтадан іске қосылып, өнімқабылдай бастаған. Бұл зауыттың іске қосылуымен мүлдем тоқтап қалмаса даөнімдерін делдалдар арқылы Ресейге, Қытайға шикізат күйінде арзанға сатуға мәжбүрболып жүрген шаруашылықтар егіс алқабын үлкейте бастаған. Иә, кезінде бүкілодақ көлемінде аты шыққан Ақсу қан зауытының ашылуын Тәуелсіздік жылдарындағықант қызылшасы шаруашылығының қайта оралуы және жаңа бір даму кезеңі деугеболады.

Одан кейін, арағаекі-үш жыл салып Ақсумен қатар Көксу қант зауыты ашылды. Бұл да қажеттіліктентуған. Өйткені, Ақсу зауыты түгел қабылдайды деп сеніп қалған көпшілік шаруаларә дегенде өнім көлемін ұлғайтып жіберіп, қыстың көзі қырауда біраз өнімдерідалада қалып, үсітіп алған. Осыны ескерген жергілікті әкімдік Ақсудың ауқымыжетпесе деп Көксуды ашуды қолға алған. Осы күні екі қант зауыты да тынымсызжұмыс істеп тұр. Сәйкесінше, өнім қабылдау, қант өндіру жұмыстары да өркендепкеледі. Бұл екі зауыттың ашылуымен көнекөз мамандар бұрынғы жұмыс орнына қайтаоралды, біраз адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Рас, бір кездері зауытжабылғанда екі қолға бір күрек деп әр-әр жерден нәпақа іздеп кеткен мамандарзауыт ашылады деген соң-ақ ауылдарына қайта келіп (көшіп кеткендер де болған),бұрынғы қызметіне қуана-қуана кірісіп кетіп еді.

Ақсу мен Көксузауыттары аттарына сәйкес екі ауданда орналасқан. Бірақ, бұл екеуі тек өзаудандарының өнімін қабылдайды деген сөз емес. Алысырақтан келіп қызылшаөткізетіндер де бар. Дегенмен, қант қызылшасын өсірудегі жетекші екі аудан –Ақсу мен Көксу екеніне ешкім дау айтпайды. Жаңа зауыттың Көксудан ашылуыныңтағы бір себебі – Көксудан Ақсуға мол өнімді тасудың шығына аз болмайтын. Бұлалдымен өнім сапасын түсіруге әкеп соғады. Біріншіден, тасымал үшін қаржы ғанаемес, уақыт та көп кетеді. Сонымен қатар, жан-жақтан өнімін өткізушілерқаптағанда кезек күту де үлкен проблема. Жолға бір шығындалса, өнімінің сапасыүшін екі шығындалатын шаруалар енді алысқа арбаламай-ақ, іргедегі өззауыттарына өнім өткізе алатын болды. Көксу Алматы қаласы жақты қабылдаса, АқсуТалдықорғанның ар жағындағы аудандардың өнімін қабылдайды.

Биыл, Көксуауданында қант қызылшасы жақсы өнім берді деуге болады. Әр гектарынан 700центнерге дейін өнім алу – үлкен жетістік. Әрине, бұл ең жоғарғы көрсеткіш.Дегенмен, орташа өнімділік көрсеткіші де жақсы деп отыр мамандар. Бір гектаржерден 370-380 центнер қант қызылшасын алу да аз жетістік емес. Жалпы, ауданда2100 гектарға қант қызылшасы себілген. Қазіргі таңда түгелге жуық жиналып болыпқалыпты. Дегенмен, әлі 300 гектардан астам қант қызылшасы алқабы кезегін күтіпжатыр. Уақытында, суыққа ұрындырмай, оларды да Көксу қант зауытына әкеліпөткіземіз деп отыр шаруалар.

Өнімнің сапасы –оның құрамындағы қантпен өлшенеді. Сол себепті, өнімді тез арада зауытқаөткізіп, оны тез арада өңдесе, одан алынатын қант көлемі де молынан болады.Соңғы жылдары облыстық әкімдік тек бұрыннан келе жатқан өнімді ғана емес,шетелдерден мол өнім беретін сұрыптарын әкелуді қолға алған. Осы мақсаттаГермания, Дания, Франция, Ресей сияқты елдердің түрлі шаруалары менкәсіпкерлері, мемлекеттік жауапты тұлғаларымен кездесулер өткізіліп, тәжірибеалмасу, өнім алмасу тұрғысында біраз шаруалар атқарылған. Осының арқасында,қазір бұрынғыға қарағанда өнім көлемі ғана емес, оның сапасы да арта түскен.Мәселен, Алматы облысы бойынша қант қызылшасының агротехнологиясы жөніндегісарапшысы, ғалым, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты Әбілқайыр БексұлтановФранция, Германия, Дания сияқты елдерден әкелінген жаңа сұрыпты қантқызылшаларының құрамындағы қанттылық 17 пайызға жеткенін айтады. Жаңа тұқымдардыңартықшылықтары, қант беру бойынша генетикалық мүмкіндіктері әрқашан дабақылауда болса, өнімді бұдан да асыра түсуге мүмкіндік болады дейді ол. Әрине,ғылым мен өндіріс, теория мен практика ұштасқан жерде ғана өнім көлемін асыруғамүмкіндік болады. Сол себепті, шетелден әкелінді деп, алқапқа сеуіп қойып қарапотырмай, оны жер жағдайына қарай одан әрі жетілдіру мәселесін ылғи да бақылаудаұстау керек.

Қант қызылшасынегу, жинау, тұқымын асылдандыру, шығымдылық көлемін ұлғайту бойынша облысәкімдігі шаруаларға жан-жақты субсидия бөлгені белгілі. Осы тарапта шаруаларәсіресе техниканың жтеіспеушілігін алға тартатын. Енді, бірқатар шаруақожалықтар жаңа мүмкіндіктерге ие заманауи техникалардың арқасында өнімдерінуақтылы ғана емес, сапалы күйде жинап алуға мүмкіндік алып отыр. Айталық, облысәкімдігінің қолдауымен алынған заманауи комбайндар қант қызылшасын трактордыңтіркемесіне масақсыз, тасын тазалап, топырақ қалдырмай, таза күйінде тиепбереді. Бұл өз кезегінде уақыт пен шығынды үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттыратүседі.

Қазіргі таңдаКөксу қант зауытына Көксу ғана емес, ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары менҚапшағай, Талдықорған қалаларының қызылша өсіруші шаруалары өз өнімдерінәкеліп, өткізеді. Бүгіндері 200 мың тоннаға жуық өнім қабылданған. Және, зауыткүндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Өйткені, күн сайын келіп жатқаншикізатты, яғни, жаңа қазылып алынған қызылшаны уақытында өңдеп шығару керек.Осыған орай, зауыт күніне 2 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді. Қазіргітаңда зауыт 10 тоннадай қант шығарып үлгеріпті. Зауыт директоры АлтынбекАбатовтың айтуынша жұмыс өнімділігі бұрынғыдан арта түскен. Өйткені, қазірауданға табиғи газ келген. Көгілдір отынның жылу шығару қуаттылығы жоғары, солсебепті, уақытты аз алады. Шығын да біршама азайған. Олай дейтініміз, өндірісорны бұл уақытқа дейін мазутты қолданып келген. Ал, газдың мазутқа қарағандаарзан болатыны, жылуды көбірек бөлетінін айтпаса да түсінікті.

Жалпы, облыстың республикакөлемінде қант қызылшасы бойынша басты локомотив екені дау туғызбайды. Алматыоблысымен жер жағдайы ұқсас келетін Жамбыл облысы да қант қызылшасын өсірудіқолға алғаны белгілі. Бұл облыс та тәжірибе алмасуда Алматы облысына иекартады. Болашақта өзге облыстар да қант қызылшасын өсіруге күш саламыз депжатса, Алматы облысын айналып өтпесі анық. Бұл өз кезегінде көп нәрседен хабарбереді. Мәселен, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, салалық ауыл шаруашылықтардыдамытудың осындай кездерде пайдасы бар. Мысалға алсақ, өз облыста жақсы шығыпжүрген қнімді өзге бір өңір өз жерінде тәжірибе жүзінде сынап көруге болады. Оғанбір жыл бойы уақыт кетірмей, топырақ пен су құрамын зерттеу арқылы жетуге болады. Мәселен, арнайы зерттеулернәтижесінде Павлодар облысы да қант қызылшасын дамытуға табиғи ресурстары сайкелетін өңір екені анықталды. Суы мол, жері құнарлы аймақ болған соң, қазіргітаңда жоспарға сәйкес жылына 144 мың тонна қант өңдейтін зауыт салу жұмысықолға алынды. Жалпы, Қазақстан қазіргі таңда өз еліміздің 27 пайызын қантпенқамти алады. Ал, Алматы облысындағы қос зауыттың жұмыс істеу көлемі тағыөсетүссе, оғанқоса Павлодардағы зауыт іске қосылса бұл көрсеткіш әлдеқайда артатүсері анық.

Бір қызығы,Павлодардағы қант зауыты да Ақсу қаласында орналасқан. Қазір Ақсу қаласынанзауытқа арналған 70 гектар жер учаскесі бөлініп, жобаны іске асыру жұмыстарыбасталып кеткен.

Республика ғана емес, қант өндіруші алпауыт мемлекеттердің өзімен тізе қосып,тәжірибе алмаса отырып жұмыс істей берсе, еліміз қант өндіруші жетекші елдердіңқатарына да қосылады. Қазірдің өзінде Қазақстан даласында өскен қант қызылшасыныңтәтті шекері әлемнің біраз еліне шығарылып жатыр. Осындай істердің нәтижесінде Алматыоблысында қант қызылшасы алқаптары жылдан жылға кеңіп келе жатыр. Сондай-ақ,қант қызылшасын тек қант өндіру үшін ғана емес, одан шығатын өзге деқалдықтарды тиімді пайдалана білу маңызды. Қант қызылшасын мал бордақылау үшінде қолдануға болатынын көп ешкім біле бермейді. Сонымен қатар, алдағы уақыттақант қызылшасы ғана емес, қамыс қантын өндіруді де қолға алмақ. Ол үшін әрине,шет елден шикізат әкелуге күш салып жаты. Мақсат түсінікті, қант зауыттарымаусым кезінде ғана емес, жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеуі керек. Бұл туралыбиылғы жиын-теріннің қызып тұрған кезінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

— Биылғы жылыоблыс бойынша 14 мың гектарға қант қызылшасын септік. Содан шамамен500-520 мың тонна қант қызылшасын аламыз, одан 50-52 мың тонна қант шығарамыздеп жоспарлап отырмыз. Қызылша алқаптарындағы жиын-терін жұмыстары 10-15 күндеаяқталады. Көксу, Ақсу қант зауыттарын модернизациядан өткіздік. Ресейден,Қытайдан, Чехиядан, басқа да елдерден құрал-жабдықтар жеткізіліп, орнатылды.Жалпы қызылша өңдегенде одан 80 % жом, яғни сығынды шығады. Ол — мал семіртуүшін таптырмайтын азық. Сондықтан шыққан жомды мал бордақылау алаңдарыныңжұмысына тиімді пайдалану үшін, осы екі зауытқа жомды кептіріп, арнайықаптайтын құрал әкеліп орнатып жатырмыз. Қапталған күйінде оны екі жылсақталауға болады. Жалпы қант зауыттары негізінде тек маусымдық кезеңде ғана3-4 ай жұмыс істейді. Ал біз маусымаралық кезеңде де бос тұрмас үшінБразилиядан шикізат әкеліп, қамыс қантын шығаруына мүмкіндік жасамақпыз.Осылайша Алматы облысы жылына 300 мың тонна қант өндіруге қол жеткізе алады.Республикадағы қанттың 480 мың тонналық өндірістік және тұрмыстыққажеттілігінің басым бөлігін жауып отырсақ, бұл үлкен жетістік болар еді, — дейді облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы.

Рас, Қазақстанда қантөнідеретін қамыс өсе ме, өспей ме деген мәселе басы артық сұрақ болады.Бразилияның табиғаты мен Қазақстанның табиғаты екі басқа, сол себепті, алдағыуақытта Америка құрлығы жақтан шикізат әкелуге қол жеткізілсе, онымен қосамүмкін көршілес елдерден де қант қызылшасын сатып алу туралы ойланып кһру керекшығар. Сонда бір емес екі зауыт жарыса қант шығарса, ішкі өнімді ғана емес,сыртқы елдерді қантпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туар. Бұлай дейтініміз, облысқазіргі таңда ішкі сұранысты түгел жапсақ дегенді мақсат етіп отыр. Бұл даүлкен жетістік. Көп жағдайда Ресейдің нарығының құбылуына орай бір сәттеқымбаттап, бір сәтте қалыпқа келіп отыратын қант бағасы өз өнімімізді жаппайтұтынып отырсақ көп құбылмайтын еді. Әйтпесе, «қант қымбаттайды екен» деп бүкілжұрттың супермаркеттер мен дүкендерде кезекте тұрғаны әлі ұмытыла қойған жоқ.Сондықтан, қант мәселесінде өндірісті арттыра беру нарықтың сұранысы деугеболады.

Осыған орай,мемлекеттің, облыстың бюджетінен бөлінген қаржы, таратылған субсидия,үлестірілген жанар-жағар майдың өтемі де сұралмай қалмайды. Мамандардың айтуынша,шет елден (Франция, Германия, Дания) тұқым әкеліп, тегін үлестіргенінеқарамастан, көптеген шаруашылықтар әлі күнге қант қызылшасы өнімін әр гектардан200 центнерден асыра алмай отыр. Бұл да үлкен мәселе. Өйткені, көктемде алқапқабарып, ұрықты сеуіп кетіп, күзде жинап ала салам деген жауапсыздық алдыменөзіне көрсетілген қаржылық қолдауларды ақтамау болса, одан кейін жерді тиімдіпайдаланбау болып есептеледі. Сол себепті, бұдан былай кімнің өнімі көп, соғанқолдау да еңбегіне орай болады. Өйткені, қант қызылшасы ерекше баптағандыұнататын өсімдік. Еңбектене білсең, өнімсіз, пайдасыз қалдырмайды.

10 жылға жуықжабылып қалған Ақсу қант зауыты 2017 жылдың көктемінде қайтадан іске қосылып, солжылдың күзінде алғашқы өнімін берген. Содан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Мұндабұрыннан қалған алып ғимарат қана емес, білікті мамандар да жеткілікті. Зауыттықайта қалпына келтірілді дегеннен гөрі, бәрі қайтадан жаңартылды деуге болатыншығар. Өйткені, бүгінде зауыттың барлық өндірістік желілері автоматтандырылған,желілерді басқару орталық аппарат арқылы жүргізіледі. Еліміздегі басты қантзауыты да осы. Сол себепті, оның өнімділігі де атына сай. Ақсудың қауқарыКөксудан екі есеге жуық артық. Көксу күніне 2 мың тонна қант қызылшасын өңдесе,бұл 3,5 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. Мұнда негізінен жақын саналатын Ақсу,Алакөл, Сарқан сияқты аудандардың өнімдері тасымалданады. Бұл жақта да соңғыекі-үш жылда қант қызылшасын өсіруге жаппай бетбұрыс байқалады. Өйткені, мемлекеттарапынан қолдау бар, өнімің де далада қалмай, пұлға айналады. Айталық, бірақсу ауданының өзінде қант қызылшасын өсіруге қайта ден қоя бастаған 2016жылдан бері егістік алқабы 2 есеге өскен. Мәселен, 2016 жылы 1600 гектар болса,2017 жылы бұл көрсеткіш 2020 гектарға көбейген. Екі жыл бұрын 94 шаруа қожалығықызылша өсірумен айналысса, қазір, 2019 жылы алқап көлемі бойынша көрсеткіш биыл2850 гектарға кеңейіп, 138 шаруа қожалығы қант қызылшасы дақылын өсісуменайналысуда. Бұл ауданда тәтті түбірдің әр гектарынан 400 центнерден өнім алып,жалпы көлемі 114 мың тоннадай өнім жиналады деп күтілуде.

Жалпы, Ақсу қантзауыты биыл секіріс жасауға дайындалып жатыр. Олай дейтініміз, өткен екі жылда,яғни, 2017-2018 жылдары зауыт 170,3 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, 13 мыңтонна қант шығарса, биыл екі жылдың ортақ көрсеткішін қосқандағыдан екі есегежуық артық өнім алуды көздеп отыр. Биылғы меже – 200 мың тонна қызылшақабылдап, одан 20 мың тонна таза құмшекер шығару жоспарланған. Ақсуды жаңғыртутоқтаған жоқ. Жылдан жылға қуаттылығын арттырып, кезек-кезеңімен жаңғыртужұмыстары жүргізілуде. Қазір жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңі аяқталуға жақын,ол аяқталса, тәуліктік өнім қабылдау көрсеткіші 4 мың тоннаға жетпек. Ал, келержылы үшінші кезеңді іске асырып, бұл көрсеткішті 4,5 мың тонна қант қызылшасынөңдеуге жеткізбек.

Облыста салыстырмалытүрде алсақ, 2014 жылы 24 мың тонна қант қызылшасы өңделсе, былтыр 440 мыңтоннаға дейін көбейген. Ал, биылғы көрсеткіш 500 мың тоннадан асып жығылады депкүтілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39