Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлер салықтан босатылады

Сайт әкімшілігі

04.08.2022, 14:51

2012

Кәсіпкерлерге қаңтар оқиғасы кезінде мүлкі бүлінгеннен шеккен залалын өтеу мақсатында мемлекеттен алған ақшалай көмегі табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. 

Яғни, комиссияның шешімінен кейін, мемлекеттен қаржылай көмек алған кәсіпкерлердің қаражаты декларацияда көрсетіледі. Бұл табыс болып есептеледі. Бірақ, дәл осы табысы үшін олар табыс салығынан босатылады. 

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төтенше жағдай кезеңінде келтірілген мүліктік залалды өтеу кезінде салық салу тәртібін реттейді.

Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағының жаңа 28-тармақшасы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсiнің төтенше жағдай кезеңiнде келтiрiлген мүлiктiк залалды өтеу үшiн алған ақша сомасын жылдық жиынтық табыстан алып тастауды көздейді. Бұл норма уақытша және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 17) тармақшасы төтенше жағдай кезеңінде келтірілген мүліктік залалды өтеу түріндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жеке табыс салығы салынатын кірістерден, бюджеттен төленетін төлемдерден алып тастауды көздейтін жаңа абзацпен толықтырылды. Түзету 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Осылайша, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – шағын және орта бизнес субъектілері төтенше жағдай кезінде келтірілген мүліктік залалды өтеу үшін ақша алған жағдайда жылдық жиынтық кірісті түзетуге құқылы",-делінген Кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:21
Елімізде орташа айлық жалақы қалай есептеледі?
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:57
Үй сатып алу биыл 35 пайызға төмендеген
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:12
Кәсіпкерлер мобильді аударымдардан жаппай бас тартып жатыр
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49