Қарағанды облысы Өзбекстанға сиыр етін экспорттауда

23.06.2019, 01:35

58

Биылғы жылы Қарағанды облысы Өзбекстан еліне малшаруашылығы өнімін экспорттау мөлшерін ұлғайтатын болады. Жергілікті «Жәке»шаруа  қожалығы Өзбекстанға 28 мың бұқажеткізу жөнінде келісім шарт жасаған. Қазірдің өзінде аталмыш шаруа қожалығыкөрші елге бірінші партиямен мың бас малды жөнелтіп үлгеріпті.Бір айта кететінжайт тапсырыс берушілердің қойып отырған бірден бір талабы ол өздерінежеткізілген бұқаның әр салмағы 400 келіден кем болмауы қажет. Аймақ басшысыӨзбекстанды  сиыр етімен қамтамасыз етіпотырған «Жәке»шаруа қожалығына барып жұмыстарын бағдарлап қайтты.Шаруақожалығының мал бордақылау алаңы 2016 жылы Бұхар Жырау ауданының Үштөбеауылында іске қосылған болатын.20 гектар жерге мал қоралары мен басқа даөндірістік үйлермен қора жайлар салынған. Осы аумақта үш жыл бойы асыл тұқымдыбұқалар өсіріліп келеді. Мал бордақылау алаңы он мың бас ірі қараға арналыпжасақталған. Алайда қазір мұнда әзірге бес мыңнан астам бұқалар тұр.Бұл шаруақожалық  Американдық технологиямен жұмысжасайды.Ірі қараға арналған жемдерді салу жұмыстары механикаландырылған, алсуарғыш автоматты түрде жұмыс жасайды.Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВҚА кәсіпорынныңбасшылығы алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

-Біздеқазіргі уақытта мал бордақылау алаңында бес мың екі жүз бас бұқалар тұр.Сондай-ақ асыл тұқымды өгіздерді жалға беру жұмыстарыда қарастырылып жатыр. Ангус,герифорд, тұқымды және біздің ақбас бұқаларымыз бар. Өзбекстанға екі мың тоннает экспорттаған болатынбыз, -деп мәлімдеді «Жәке»шаруа қожалығыныңбастығы Айдын АЛБАҚАЙ.

Бүгінде «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша асыл тұқымды малдардыңгенетикасын жақсарту жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін «Жәке»шаруа қожалығы жергілікті фермерлермен бірлесіп жұмыс жасауға кіріскен. Бұлауыл шаруашылық өнімін өндіруде жетістікке жеткізуге алып келеді дейді шаруақожалық басшылығы.

Биылғы жылы шаруа қожалық Ресейден бес мың алПольшадан екі мың ірі қара малын сатып алуды көздеп отыр.Кәсіпорын ауылшаруашылық өнімдерін елдің ішкі нарығымен қоса шетелдерге де сатады. Шаруақожалығының өнімдері Өзбекстанмен қоса Иранға да шығарылады.

-Етті қайтаөңдеуді дамыту біз үшін өте маңызды. Өңірге ет өңдеу комбинаты керек. Сондықтанмүмкіндіктерді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта "қарапайым заттардың экономикасы"деген жаңа бағдарлама пайда болды.Мұнда мемлекеттік тұрғыда қолдау көрсетуәдістері қарастырылған,-деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Шаруа қожалықтың жем шөп базасын жасақтау мақсатында биылғы жылы 2 500 гектар жерге астықсебілген.

-Бұл шаруақожалық облыстағы ет ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жақсыкөрсеткіштерге ие болып келеді. Биылғы жылы да ауыл шаруашылық министрлігітарапынан қойылған барлық индикаторлар бойынша жоспарды толық орындаймыз дегенойдамыз,-деді Бұхар Жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман ДАРДАҚОВ.

Бүгінде Қазақстанда  етті мал шаруашылығын дамыту аграрлық саланыңбасым бағыттарының  бірі болып табылады. Осыорайда еңбек өнімділігімен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінэкспорттауды 2,5 есе арттыру жоспары мақсат етілуде.

Фото: brestmeat.by


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09