Қарағандыда мың шақырымнан астам жол жөнделеді

28.04.2019, 22:09

78

Қарағанды облысында биыл облыстық және республикалық маңызы бар жолдармен қоса аудан, қалалардағы жолдар ретке келтірілетін болады.

Биылғы жылы Қарағанды облысы аумағында мың шақырымнанастам автокөлік жолдарын жөндеп, ретке келтіруге 47 млрд теңге қаражатбөлінген. Бүгінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасыаясында өңірде бірқатар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргіуақытта Бұхар жырау ауданына қарасты «Новодолинка-Шахан-Молодецкое» автокөлікжолындағы 17 шақырым жол бөліктеріне реконструкция жасау жүргізіліп жатыр. Бұлжұмысты шенеуніктер жоба бойынша 2020 жылға қарай тәмамдаймыз деп отыр. Абайжәне Ақтоғай аудандары аумағындағы Қарабас –Жартас-Долинка мен Ақтоғай-Балқаштас жолдарының 38 шақырым аумағына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау аяқталуға таяпқалған.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасыменсеріктес қалаларды облыс орталығына қосып тұратын Қарағанды-Саран-Шахтинскжолдарының  ойылып қалған проблемалы тұстарынабарлығы 19 шақырым жол бөлігін жөндеу назарға алыныпты. Қазіргі уақыттамемлекеттік тапсырыс бойынша бұл жұмыстарға кірісу үшін конкурстық жұмыстаратқарылып жатқан көрінеді. Бір айта кетер жайт, өңірде Қарағанды қаласыныңжолдарын  жөндеуге көңіл бөлінуде. 2016-2018жылдар аралығында облыстық бюджеттен Қарағанды қаласының жолдарына бөлінгентрансферт көлемі 16,6 млрд теңгені құраған. Ал осы уақытта қалған аудан менқала жолдарына 10,7 млрд теңге бөлініпті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «аймақта жөнделіп жатқан жолдардың сапасына қатты көңіл бөлінуі қажет», деп жол жөндеуді қолға алған жауапты тұлғаларға тапсырма берді.

«Жолдың жөнделуін ол қалай төселеді, бұл жұмыстар қалайатқарылады, осының бәрін қадағалау үшін қоғам өкілдерін, депутаттарды кірістірукерек. Қадағалау мықты болмаса жолға кеткен ақша желге ұшқанмен бірдей болады. Жолжөнделген кезде оның сапалы болуын міндетті түрде алдыңғы орынға қойған дұрыс»,- деп мәлімдеді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Бір айта кететін жайт, биыл облыс аумағында жөнделетінжолдың сапасын жаңа мекеме, яғни, жол активтерінің ұлттық сапа орталығықадағалайтын болады. Бұл мекеменің штатында 25 маман жұмыс жасайды. Мұндағымамандар күн сайын жөндеу жүріп жатқан жол участоктеріне барып, техникалықнорма бойынша тексеріп отырады.

Жол жөндеу жобаларына қатысты биылғы жылы облысорталығындағы Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін қосатын жолдың құрылысыаяқталатын болады. Сондай-ақ, жаңа екі жолдың құрылысы басталады, мұның бірі –қаланың сыртындағы айналма жол болса, екіншісі көтерме тарату логистикалықорталығына апаратын жол болмақ. Шенеуніктердің айтуынша осы жолдарды салу қалаішіндегі көлік ағынының азайуына сәл де болса септігін тигізеді. Бүгінде облысаумағында өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстары қызуқарқынмен басталып кеткен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50