Қарағандыдағы өңдеуші өнеркәсіптер экономикаға серпін береді

Айтбала Сүлейменқызы

15.09.2023, 10:56

579

Қарағанды ​​облысы  еліміздің алдыңғы қатарлы индустриялық аймақтарының бірі болып табылады. Өнеркәсіп саласындағы облысымыздың көрсеткіштеріне көшетін болсақ,  өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 75 пайызды құрап отыр.  Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Соңғы 3 жылда өңдеуге икемделген кәсіпорындардың  көлемі 28%-ға артқан. Табысы- 600 млрд теңгегені құрайды.

2022 жылы өңдеуші өнеркәсіптердің сыртқы саудасы ілгерлеу көшінде. Атап айтқанда,  Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, БАӘ, Ресей, ЕО және т.б. қоса алғанда, 40-тан астам елге 6 миллиард доллардың өнімін экспорттады. Негізгі экспорттық тауарлар түріне  – мыс, жалпақ бұйымдар, ферроқорытпалар, машина жасау бұйымдары, каучук. бұйымдар, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, кабель және сым бұйымдары, химия өнеркәсібі өнімдерін қамтиды.

Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі шамамен 1,5 триллион теңгені құрайды. Жыл аяғына дейін оның көлемін 2,9 трлн. теңгеге жеткізу межеленген. Өнеркәсіп салаларына қатысты деректі тарқататын болсақ, машина жасауда 50,4%-ға, фармацевтикада 28,1%-ға, жеңіл өнеркәсіпте 20,7%-ға және қара металлургияда 1% өсу байқалады.

Бүгінде аймақта 845 өңдеуші кәсіпорын жұмыс істеп тұр.  Оның 20-сы ірі, 43-і орта қалған 782-і шағын кәсіпорын болып табылады.

Сала бойынша жіктеп өтсек, Қарағанды облысында  машина жасамен шұғылданатын – 196 кәсіпорын болса, құрылыс индустриясына тиісті – 125, өнеркәсіп, химия  саласына икемделген– 37 және  жеңіл өнеркәсіпке тиісті  – 43 бизнес нысан, сонымен қатар  тамақ өндірісіне жтатын – 102 кәсіпорын бар.

Айтбала Сүлейменқызы, Қарағанды облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 11:30
АҚШ қаржы министрлігі Ресейге қатысты санкция тізімін ұлғайтты
Айтбала Сүлейменқызы 15.09.2023, 13:00
Қарағандылық өңдеуші кәсіпорындар экспорт көлемін ұлғайтуға үлес қосуда
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 09:20
Депутат шетелдік сериалдарға шектеу қоюды сұрады
Сайт әкімшілігі 11.09.2023, 15:45
Қазақстанда студенттерге берілетін грант саны артады
Сайт әкімшілігі 11.09.2023, 15:00
Қазақстан үкіметі моноқалаларды дамытады
Жарас Шөке 10.09.2023, 09:15
Назарбаев мектептері қара уылдырық, Ауыл баласы қара нан жей ме?

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55