«Қарапайым заттар экономикасы» агроөнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді

07.08.2020, 17:16

10

Қазақстанныңагроөнеркәсіп кешені ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Осы ретте Аграрлықнесие корпорациясы елдің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру саласындағыкөшбасшы болып отыр. Қазіргі уақытта елімізде 2021 жылға дейін есептелгенАгроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрдежүзеге асырылуда.

Бағдарламаныіске асыру барысында жоспарланған нәтиже:

• ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін бір жұмысшыға 1,2 миллион теңгеден 3,7миллион теңгеге дейін арттыру;

•өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 945,1 млн. АҚШ долларынан 2400млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту;

•өнеркәсіпке негізгі капиталға инвестициялар ағынының 2021 жылға қарай 2017жылғы деңгейден 2,5 есе ұлғаюы;

•тартылған несие қаражатының көлемі 2021 жылға қарай 2017 жылға қарағанда 9 есеартады.

Міндеттері:

•Азық-түлік қауіпсіздігі, өткізу нарықтарына шығу және экспорттық әлеуеттідамыту;

• жержәне су ресурстарын пайдалану тиімділігі;

•ауылшаруашылық ғылымын дамыту, технологиялар трансферті, техникалық жабдықтау;

• Сандықтехнологиялар арқылы сапалы мемлекеттік қызметтер.

2020жылдың бірінші жартыжылдығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасы бойынша 563 кәсіпкерді қаржыландырды. Бұл бағдарламабойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін. Мемлекеттік қолдау шараларыныңарқасында фермерлер айналымдағы қаражатты толықтыруға, мал басына ие болуға,техникалар мен жабдықтар сатып алуға, кәсіпорындарында құрылыс-қайта жөндеужұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бұл 1442 адамды жұмыспенқамтуға мүмкіндік беріп отыр.

«ҚазАгро»Ұлттық Холдингінің Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Айболат ӘБЕНОВбағдарламаның жүзеге асырылуына байланысты:

— «EPVбағдарламасын қолданған ауылшаруашылық тауар өндірушілері 16,6 мыңнан астам мүйіздіірі қара, 30 мыңға жуық ұсақ мүйізді ірі қара, 11,5 мың жылқы, 367 түйе сатыпалды. Сондай-ақ, 130 дана ауылшаруашылық техникасын, қайта өңдеуге жәнеөндіруге арналған 73 техникамен жабдықтауға несиелер берілді. «Қарапайым заттарэкономикасы» аясында берілген несиелердің жалпы сомасы шілде айының басында21,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, қазіргі кезде инвестицияға 165 өтінімберілген», — деді.

Биыліске асырылған жобалардың бірі – Батыс Қазақстан облысындағы жылыжай кешені.Оны салу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие берілді.12 гектар алқапта high-tech  технологияларын қолдана отырып, ГМО-сыз, пестицидпен гербицидсіз био-көкөністер өсіріледі. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 8мың тоннадан астам өнімді құрайды. Жаңа піскен көкөністер Қазақстан нарығынажеткізіліп, көрші елдерге экспортталады.

Агроөнеркәсіпкешені елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым міндеті болыптабылады. Оның дамуы елдің тұрақты дамуын теңестіруге, еңбек өнімділігінарттыруға және халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің жоғарылауын қамтамасызетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Еркежан АРЫН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34