"Қаражат экономикаға жұмыс істеуі керек" - Тоқаев банктер бойынша тапсырма берді

Сайт әкімшілігі

08.02.2022, 16:31

2933

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерді тиімді жобаларды несиелеуге ынталандыратын реттеу тетіктерін құру қажет екенін мәлімдеді. 

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2022 жылы 4-6 пайыз, 2025 жылы 4 пайыздық мақсатты инфляцияға қолжеткізу үшін Ұлттық банк тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуі керегін айтты.

«Нақты экономиканы несиелендіруді де ұмытпау керек. 2017 жылдан бері банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Проблемалық несиелер бойынша шығынды жабуға 700 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Алайда несие көлемі мен қолжетімділігін арттыруға қатысты қозғалыс жоқ, ескі мәселе. Бұл туралы әлі айтып келеміз.

Жоғары өтімді банк активтерінің профициті өсіп жатыр. Біз бұл мәселені білеміз, ол банктердің атын да білеміз. Бүгінде бұл профицит 12 триллион теңгеге жуықтады. Бұл қаражат экономикаға, соның ішінде ипотекалық нарықтық бизнесті дамытуға жұмыс істеуі керек», — деді Мемлекет басшысы.

Президент банктерді тиімді жобаларды несиелеуге ынталандыратын реттеу тетіктерін құру Ұлттық банктің жаңа басшысы (Ғалымжан Пірматов — еск.) мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің міндеті екенін айтты.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 12:35
Бүгіннен бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беріледі
Сайт әкімшілігі 11.05.2022, 16:47
Доллар бағамы өсті
Сайт әкімшілігі 11.05.2022, 11:15
Қазақстанның Кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені рас па
Сайт әкімшілігі 05.05.2022, 13:26
Сенат Қазақстан бюджетіне түзетулерді қабылдады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.05.2022, 05:00
«Кедейді байытамыз» бағдарламасы...

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27