10.06.2020, 08:46
174
Сәуір айының басында мемлекеттікқарыз 17,7 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 25,5 процентін құрады.
Қазақстанның борышы қауіпсіздеңгейде сақталып отыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді,
«Бюджеттапшылығы1,3 триллион теңге, яғни ЖІӨ-ге шаққанда1,9 процентті құрады. Қазақстанның борыштары қауіпсіз деңгейде сақталып отыр», – деді мәжіліс отырысында2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасаған Жамаубаев.
Айтуынша,шығыстар 99,9 процентке игеріліп, 12 триллион теңгеге жеткен.
Әлеуметтікшығыстар 2018 жылмен салыстырғанда 22 процентке ұлғайып, 5,2 триллион теңгеніқұрады. Бұл республикалық бюджет көлемінің 43 проценті.
Республикалықбюджетке түсетін түсімдер 100,4 процентке атқарыла отырып, 10,16 триллионтеңгені құрады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР