Қашаған Каспийдің қасіреті ме?

Амангелді СЕЙІТХАН

22.10.2020, 05:14

1917

Каспий теңізінің табаны қазылады. Аралға баратын жол керек. Эколог мұңын тыңдауға мүмкіндік жоқ! Мүлдем! Себебі, тәулігіне 400 мың баррель мұнай беретін Қашағаннан енді ешкім бас тартпайды. Жылына 7 млрд АҚШ доллары көлемінде табыс әкелетін кен орнын кемі жүз отыз жыл пайдалану межеленген. Бір сәтте тайқып шығуға болатын жоба емес. Мұнай шығару үшін белсенген компания «60 млрд АҚШ долларын салды» деген ақпарат бар. Біздің естігеніміз көксеңгірдің бергі жағындағы мәселелер. Мақалаға негіз болған – Каспий теңізінің түбінен Қашаған аралдарына каналдар қазылады деген ақпарат. Қашаған кенішін игеретін NCOC компаниясы «Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіз кемелері қатынайтын арналар» жобасы бойынша онлайн режимде қоғамдық тыңдау өткізді. Соған сәйкес, теңіз түбін тереңдету арқылы жалпы ұзындығы 56 шақырымға созылатын  екі канал қазылатыны жайында ақпар берген.

  Теңіз табанын қазу кімге тиімді? Әлбетте, кез келген тарап шығын шегеді. Мысалы, әлгі компания миллиондаған қаржы жұмсайды. Жұмсағанда да, мәжбүрлі түрде. Егер су деңгейі түспегенде, кемелер әлгі аралдарға қарай еркін жүзер еді. Қарт Каспийдің суы соңғы он бес жылдан  бері үнемі кему үстінде. Оның да бірнеше себептері айтылады. «Еділ мен Жайықтың суы азайған» дейді мамандар. Ғаламдық жылынудың әсерінен көретіндер де бар. Өзге де уәж табылады. Теңіз тартылып барады. Мәселе сонда! Енді түбі қазылса, тағы да сол табиғат сорлайды. Сорлайтыны, экологтар әлгі құрылыс теңіз астындағы тіршілік иелеріне әсер етеді дегенді алға тартады. Мысалы, эколог Арман Хайруллин:

 «Теңіз түбіндегі су түбі тұнған бентус. Зообентусы бар, басқасы бар. Мұның барлығы балықтың азықтық қоры. Егер қазатын болса, бір мезетте осының бәрі өлетін болады. Балық шаруашылығына үлкен кері әсерін тигізеді деп есептеймін. Нақты зерттемей тұрып, бұл жұмыстарды бастау әлі ерте деп санаймын» дейді.

Қисынға келе ме? Әбден! Тығырықтан шығар жол бар ма? Шынын айту керек, бізге көрініп тұрған жоқ.  Сала мамандары да соған келісетін шығар. Өзге шешім жоқ! Компания қалауы үстемдік алады. Теңіз табаны қазылуы тиіс. Немесе бүкіл жобадан бас тарту керек! Ол мүмкін бе? Мүмкін емес! Бірнеше жылғы еңбегін мұнай өндіруші компания еш ете алмайды. Анығын айтқанда, Қашағаннан енді ешкім кете алмайды! Бір ғасыр бойы! Себебі, мұнай қоры мол. Әлгі су асты жолы кеменің жүруі үшін. Ол өз кезегінде, Қашағандағы аралға қатынайды. Су – тым таяз. Қазбаса, азық-түлік таситын, жұмысшыларды апаратын, техниканы жеткізетін кемелер жүруден қалады. Қазірдің өзінде тұмсығы жерге тиіп қалатын кезі болады екен. Облыстық ақпарат көздері алғаш ақпарат жариялағанда, кейбір коммент жазғыштар жолды танкерге салып жатыр, дегенді де айтып өтіпті. Ол жалған ақпарат. Қашағанда өндірілген мұнайды танкер тасымайды. Мұнай құбыры тартылған. Қазылатын канал тек кеме үшін.

 Жер біздікі, су біздікі болғаннан кейін экологтар алаңдайды, әрине. Екі каналдың ені 80 метрден 115 метрге. Бірнеше қосымша бассейндер де салынады. Балдыры бар, батпағы бар, қазылғанының да көлемі біршама. 19 миллион  текше метрге дейін шығарылады екен. Балықтар да біршама азықтан қағылады деген сөз. Флора мен фауна жанашырлары техника дүрілінен де су асты жәндіктері үркіп, тіпті бекірелер шошынып қалуы әбден мүмкін екенін айтады. Ол да қисынғы келетін пікір. Бірақ теңіздің тартылуы мұнай өндіруші компанияға обал туралы ойланта қоймас.

  Негізі, мамандар дабыл қаққалы біраз болды. Тіпті әлгі геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен, итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігін зерттеуші ғалымдардың жүрегін ауыртты.  Өкініштісі, сол апаттардың негізгі себебі анықталмай, өз деңгейінде сараланбай қалғаны.  Кенді игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау мәселелері тек жиындар мен басқосулардың сәні секілді. Соған бас қатыру жағына әлі де сараңбыз. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады деп оқытушы еді. Пайданы ойлайтын заманда ол дәрістің де қадірі кеткен сияқты. Ойды ой қозғайды деуші ма еді. Сонау 1993 жылдың 13 ақпанында әйгілі компания халықаралық консорциум болып құрылғанда, геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қ.Аманиязов,  «Егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін болса, ондай жағдайда оның шығыны консорциум есебінен өндірілетін болсын», деген пікір айтып еді. Академиктің жанайқайын қаперге ілген біреу болды ма екен? Асыл аға қарт Каспийдің ертеңіне алаңдап еді ғой. Енді, міне, суы тартылып келеді. Каналды қоя беріңіз, амалды ойластырмасақ, теңізден аралды тауып алып жүрерміз...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56