"ҚазАгро" рекорд жаңартпақ

16.09.2019, 11:30

36

Қазақстанның ауылшаруашылығын дамытудың негізгі қозғаушы күші саналатын "Қазагро" холдингі екенібелгілі. Бұл холдинг қаржыландырған жоғарғы технологиялық жобалар қазірдееліміздің ауылшаруашылық саласы бойынша барлық бағыттарында жұмыс істеп жатыр.100 пайыз мемлекеттің қолдауымен 2006 жылы құрылған холдингтің негізгі мақсатыауылшаруашылық, агроөнеркәсіпті дамытуға арналған. Арада 13 жыл өткенде бұлжобаның жеміс бере бастағанына да куә болдық. «ҚазАгро» Басқарушы холдингі 2007жылы жұмысын бастап, содан бері құны жоғары жобаларды қаржыландыруменайналысады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық холдинг портфелінде жалпықұны 524 млрд теңгені құрайтын 702 жоба бар болып шықты. Осы жобалардың 600-іқазірде табысты жұмыс істеп тұр дейді тиісті орындар. Ал қалғандары іске көпұзамай іске қосылмақ. Қазір дайындық жұмыстары аяқталу сатысына тіреліп тұр.

Әсіресе соңғыжылдары холдингтің қолдауымен агроөнеркәсіп саласындағы табыстар еселеп артқан.Айталық, 2018 жылы Холдинг қаржыландырған инвестициялық жобалар арқылы 222 млрдтеңгеге өнімдер шығарылып, оған қоса 19 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.Қазақстандықтарды жұмыспен қамту бойынша маңызды саналатын ауылшаруашылығысаласында алдағы уақытта да көптеген адамдар жұмыс істей бастайды. Өйткені,үлкен холдингтер ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де жұмыс берушіболып табылады. Демек, шаығн және орта бизнес иелері кқбейген сайын жұмысорындары да көптеп ашылатыны түсінікті.

Дегенмен,мамандар бұл холдингке келіп түскен өтініштерді саралай келе сұраныс көпбағыттарды анықтады. Бұл да өз кезегінде холдинг жұмысының басым бағыттарынайқындауда үлкен роль атқарады. Сонымен, қазақстандықтар ҚазАгро холдингінекөбінесе құс фабрикаларын, жылыжай мен сүт фермаларын қаржыландыру үшінжүгінетін болып шықты.

Бұған дейін «ҚазАгро»Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев:

«Инвестициялықжобалар жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді, олар 2,2 миллион теңгеніқұрайды. Бұл ортасалалық көрсеткіштен жоғары, себебі жалпы ауылшаруашылығындабұл көрсеткіш бір жұмыскерге 1,9 миллион теңгеден аспайды. Жоғарытехнологиялық жобалармен жұмыс істеу біз үшін өте маңызды. Экспорттық әлеуеттіжақсартумен қатар жобалар мультипликативті әсерді де көбірек береді» — деп атапөткендей соңғы жылдары «Қазагро»ауылшаруашылығы техникаларын автоматтандыру бағытын дамытуға күш салып жатқаныбелгілі. Бұл жерде адам күшін аз пайдалану туралы сөз шығады. Бәрін техникаістеген соң, адамға жұмыс аз қалатыны айтпаса да түсінікті. Бірақ, бұлауылшаруашылығы мамандары жұмыссыз қалады дегенді білдірмейді. Сол себептіескіден келе жатқан білікті мамандарды жаңа технологиямен оқыту да кезек күттірмесмәселе. Соңғы жылдары мамандығын, біліктілігін жетілдіру мақсатында еліміздеде, шетелдерде де қазақстандық ауылшаруашлығы мамандарының оқып жүргеніне қарапбұл бағыт та ұмыт қалды дей алмайсыз.

Енді,агрохолдингке келіп түсетін негізгі сұраныстарға тоқтала кетсек, ағымдағыжылдың көрсеткіші бойынша холдинг 29 құс фабрикасын қаржыландырған. Бұлфабрикалардан бір жылда 1 миллиардқа жуық жұмыртқа, 165 мың тонна құс етіалынған. Сонымен қатар, холдинг қаржыландырған саланың бірі сүт бағытында.Холдинг қазірге дейін 61 сүт-тауарлы фермаларын қаржыландырған. Бұл фермалар жылына234 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар 52 жылыжайқаржыландырылып, жұмыс істеп тұр. Бұл бағыт бойынша жылына 75 мың тоннаға жуықкөкөніс өнімдерін өсіреді.

«ҚазАгроның»қаржыланжыруы бойынша ең көп өнім алынған жыл — 2014 жыл. Биыл, яғни, 2019 жылыбұл рекордтты жаңартамыз деп отыр. Күтіліп отырған нәтижеге сәйкес – биыл «ҚазАгро»арқылы 459,7 миллиард теңгеге АӨК субъектілерін қаржыландырғанын есепке алсақ,жыл соңындағы өнім көрсеткіші де жаңа деңгейге көтерілмек. Айталық, 2019 жылдың6 айының өзінде қаржыландыру көрсеткіштері 224 млрд теңгеден асып түсті. Бұлөткен жылдың сол мерзіміндегі көрсеткіштен бір жарым есе көп көрсеткіш.

Фото: moa.gov.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42