Қазақ халқы жақсы өмірге лайықты!

Ибатолла СӘТЕНҰЛЫ

24.02.2022, 12:00

1544

 Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

«Қаңтар қақтығысы» көп мәселенің басын ашқандай болды. Мен қарапайым, елімнің ұлтшыл азаматымын. Осы орайда «Жас Алаш» арқылы өзіңізге хат жолдап, пікіріммен бөлісуді жөн көрдім. Қоғамды өзгертуге ұмтылған мемлекет басшысына «сырт көз сыншылық» ойларымды жеткізгім келеді.  Қазір «Жаңа Қазақстан» деген тіркес пайда болды. Көңілге қоныңқырамайды. Біз бұрын «бодандықта болдық» дедік. Одақтың ыдырауы нәтижесінде Тәуелсіздік алдық. Сонда осы уақыттардың ішінде «Ескі Қазақстанда» өмір сүрдік пе? «Азияның барысы» боламыз дедік. Болдық па? Рас, адам армандаумен, болашаққа деген үмітпен өмір сүреді. Бірақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығында үмітіміз ақталмады. Әрине, елдің өркендеуі, жетістікке жетуі, азаматтарының алаңсыз өмір сүруі елдің басшысына, оның ұстанған саясаты мен көрегендігіне және іскерлігіне байланысты. Және ол адам әділ де, ұлтын сүйген басшы болғаны керек. Ендеше әрі қарай не істеуіміз керек?

–  Біріншіден, бір палаталы парламент болуы керек. Унитарлы мемлекетпіз. Сенаттың керегі жоқ. Мәжіліс депутаттарының саны – 100. Мажоритарлы жүйе 40 пайызы партиялық тізім, 60 пайызы бір мандатты округтерден сайлануы қажет.

–  Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясын тарату керек. Өйткені, Республика азаматтарының құқы тең.

–  Үшіншіден, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын тарату керек. Оның немен шұғылданатыны түсініксіз. Бұқара халыққа пайдасы білінбейді. Оның орнына Қазақстан халықтық мұнай қорын құрған дұрыс. Және жыл қорытындысы бойынша Мемлекеттің әрбір азаматына (есепшоттарына) дивиденд есептеліп отырғаны керек.

–  Төртіншіден, егер зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет болсақ, демократиямыз шынайы болсын. Ол дегеніңіз – халықтың билікке араласуы, еркіндігі және әділ қоғам деген сөз. Біздер әділдікке қол жеткізе алмай отырмыз. Сайлау әділ өтпейді. Учаскелік сайлау комиссия мүшелері сайлау күні дауыс берген сайлаушылардың бюллетендерін байқаушыларға жария көрсетуі керек. Жалпы, 1993 жылы қабылданған Конституцияны кері қолданысқа енгізген дұрыс. «Саяси партиялар туралы» және «Сайлау туралы» заңдар қайтадан қабылданса екен.

–  Бесіншіден, облыс әкімдері баламалы негізде сайланып қойылса деген тілегіміз бар.

–  Алтыншыдан, мәслихат депутаттарының өкілеттігі мен рөлін көтеру керек. Мәслихат депутаттары да тұрақты штатта жұмыс жасағаны абзал. Тек қана бюджетті бекітумен шектеліп қалмауы қажет.

–  Жетіншіден, Қазақстанның жер асты табиғи байлықтарын шетелдіктерден (Машкевич, Ким, Миттал) алып, мемлекет меншігіне алу керек.

–  Сегізіншіден, Президенттің де,  депутаттардың да өкілеттілік мерзімі –  4 жыл. Президент халықтың сенімі мен қолдауына ие болса, екінші мерзімге болса көп жетістікке жетер едік.

–  Тоғызыншыдан, бұрын болған «Қазақстанның халық әртісі» және «Қазақстанның Халық жазушысы» атақтарын қалпына келтіріп, қолданысқа енгізу. Мұндай жоғарғы атақтарға лайықты руханият саласында тұлғалар бар. Елдегі өзгерістер: саяси және экономикалық реформалар қатар жүргізілгені керек. Республика халқының жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылға айрықша көңіл бөлінуі керек. Ауылда жұмыссыздар көп. Ауыл шаруашылығы жоқтың қасы. Жеке қожалықтармен ауыл шаруашылығы дамымайды. Бірлескен шаруашылық құрылуы керек. Оны мемлекеттік шаруашылық деп атауға болады. Алғашында шағын болар, кейін бірте-бірте ұлғайтуға болады. Сонда ғана ауылдың еңсесі көтеріледі. Әрине әр аймақтың табиғат ерекшеліктеріне сай мал шаруашылығында да, егін шаруашылығында да тиімді жақтарына басымдық беруге болады. Сот пен прокуратураның тәуелсіздігі де қажет. Сайланбалы болса артықтық етпейді.Үкіметте, премьер-министрді және министрлерді, мәжіліс депутаттарының талқысына салып бекіткен дұрыс. Мәдениет пен спорт министрлігін екіге бөлу керек. Спорт және туризм министрлігі құрылып, осы саланы дамытуға да баса көңіл бөлінуі қажет.Үш жылдық бюджет дегенді қою керек. Баға тұрақты емес болған соң тек бір жылдық бюджетпен шектелу керек.

Экс-президент кезінде жылма-жыл халыққа жолдау жарияланып отырды. Бірақ, ондағы көрсетілген цифрлар мен пайыздар қаншалықты орындалып жүзеге асты, ол айтылған жоқ. Сөз бен істің арасында алшақтық болмаса екен. Осы ойларымызды ескерсеңіздер, көп оң өзгерістерге мұрындық болар еді.

Тегтер: халық нарық әлеумет ахуал еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07:47
Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01