Қазақстан Әзербайжанға астық экспортын арттырды

27.10.2019, 20:06

21

Соңғы жылдары көпкөңіл бөлініп келе жатқан ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатаржетістіктер мен жақсы көрсеткіштердің бар екені рас. Қай сала бойынша алыпқарасаңыз да өсу бар, пайыздық көрсеткіш бойынша бірнеше есе көп өнім алыпжатқанымызды айтамыз. Дегенмен, басты нәрсе бұл ғана емес. Алған өнімнің оданарғы тағдыры не болады? Өнімнің тауарға айналатыны түсінікті. Тауарға айналудыңда өзіндік қиындықтары бар. Мәселен, кез келген ауыл шаруашылығы саласыныңөкілі, яғни, дихан болсын, малшы болсын, кез келген шаруашылық иесі өзініңөнімін жақсы бағаға сатсам дейді. Міне, мемлекеттің қолдауы тек өнім өндіруүшін ғана емес, осындай кезде де маңызды. Өйткені, өнімді сату жолға қойылса,арада бағаны мың құбылтатын делдалдар жүрмесе, өз тауарыңды тұтынушыға өзкөңіліңдегі бағамен сата алсаң, шаруалар үшін бұдан артықтың керегі де жоқ.Жалпы, ең жолы болған өнім, ол, әрине, экспортқа шыққан өнім деуге болады.Өйткені, онда халықаралық бекітілген, келісімді баға бар, қойылатын талаптарбар. Өнімнің сапасы жақсы болса көлденең қиындықтар туа қоймайды.

Қазақстанның ауылшаруашылығындағы жетекші саласы – астық шаруашылығы екені дау туғызбайды.Қазақстанның астығы кезінде әлемдік рекордтарды жаңартумен ғана емес, өзінің сапасыменде көпке танылған. Осы жағынан алғанда, оған деген сұраныс та жоқ емес. Десе де,бір кездері экспортқа шығарылуға тиіс біраз астық қардың астында қалып,шаруалардың көктем мен жаз, күздегі еңбектері еш болғаны мәлім. Сол оқиғаданкейін-ақ мемлекет тарапы тек егін егуге ғана емес, оны өз уақытында сатуға даықпал ете бастады. Осы тарапта бірнеше мемлекетпен сауда қарым-қатынасы орнап, біразкелісім-сөздер жүргізілген. Соның бірі – Әзербайжан мемлекеті. Қазақстанныңастығының басым бөлігі бұл елге барады деп айтуға болмайды. Дегенмен, соңғыкездері дәл осы астық алмасу бойынша бұл ел Қазақстанның басты әріптестерініңбіріне айналып келеді. Мәселен, биылғы көрсеткіш бойынша Әзербайжанның сырттанкіргізген, яғни, импорттаған бүкіл астығының төрттен бірі Қазақстаннаналыныпты. Бұл көрсеткіштің өзі-ақ біраз жағдайдан хабап беретіні анық. 10миллионға жуық халқы бар мемлекеттің сырттан алатын астығының төрттен бірінұсыну – кез келген ел үшін аз жетістік емес. Осы жағынан алғанда екі еларасындағы тауар алмасу көрсеткішін жоғары бағалауға болады.

Биыл да ҚазақстанӘзербайжанға астық экспорттау көлемін ұлғайта түсті. Жоғарыда айтқан төрттенбір деген көрсеткіш 9 айдың қорытындысы. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін әлі деөзгеретіні анық. Өйткені, Қазақстанда күзгі астықты жиып-теру енді аяқталғаныбелгілі, демек, астықтың негізгі партиясы да сыртқы елдерге енді жол тартабастайды. Қос ел тарапы бұл саладағы байланысты бұдан ары да дамытып, тауарайналымын әлі де арттыра түсетінін айтуда. Соңғы жылдардағы нәтижелікелісімдердің арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 55пайызға өскен. Мұндай көрсеткішті өскен дегеннен гөрі, секірген деп айтуға даболатын шығар. Ал, биылғы өзара сауда айналымы 183 миллион доллардан асыпжығылған. Бұл қаржының ішінде Қазақстандық экспорт көлемі 22 пайызға артыпты.Бұл өсімдердің төрттен бірі бидай өнімдеріне тиесілі. Міне, ҚазақстанныңӘзербайжанның бидай өнімін импорттаудағы басты әріптесі екенін осыдан-ақаңғаруға болады.

Әзербайжанауылшаруашылығы саласы өкілдері биыл сатып алған астық көлемі үшін Қазақстанға60 миллион долларға жуық ақша төлегенін мәлімдеді. Олар Қазақстанды Әзербайжанныңауылшаруашығы саласындағы басты әріптестерінің бірі екенін айтады.

— Қазақстан – Әзербайжанныңауылшаруашылығы саласындағы басты серіктестерінің бірі. Қос елдің арасындағытауар айналымының негізгі бөлігін бидай өнімдері – астық құрайды. Нақты атаптоқталатын болсақ, 2019 жылдың өткен тоғыз айында Қазақстаннан Азербайжанға 265мың тонна бидай өнімдері тасымалданды. Міне, бұл көрсеткіш өткен жылғыкөрсеткішпен салыстырғанда 30 процентке артық. Айталық, былтыр біздің елдіңішіне Қазақстаннан 204 мың тонна бидай жеткізілген болатын.  Биыл Әзербайжан елі Қазақстаннан 58,5 миллиондолларға бидай сатып алды, — Әзербайжан Республикасы ауыл шаруашылығыминистрлігінің өкілі Саадат Гаджиева.

Оның айтуынша екіел арасындағы сауда айналымы тек ауыл шаруашылығы өнімдерімен ғана шектеліпқалмайды. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен мұнай мен газ жабдықтарыныңда өзіндік үлесі бар. Арасын қарт Каспий бөліп жатқан екі ел арасындағы саудаайналымын бұдан ары қарыштата дамытуға мүмкіндік көп. Өйткені, Каспийді таласаемген екі ел осы алып көл арқылы да бір біріне тауар жеткізе алады. Ал, әлемдекемемен жүк тасымалдаудың ең тиімді әрі көлемді транспорт болып саналатыныбелгілі. Сол себепті, екі ел арасындағы өзара байланыс үрдісі арта түссе, тауарайналымы одан ары жандана бермек.

Әзербайжан менҚазақстан экономистері екі ел арасындағы жалпы сауда айналымы алдағы уақытта 1миллиард доллардан асып жығылуы мүмкін екенін айтады. Өйткені, бір жылда 55пайыз өсу көрсеткіші соның дәлелі. Олардың пікірінше екі тараптың негізгі саудаайналымы ауыл-шаруашылығы өнімдері, азық-түлік бойынша жасалады. Оған қосымша,құрылыс пен туризм де басты бағыттардың бірі болмақ. Осы мақсатта екі елаумағында бірлескен жобалар мен ірі сауда үйлері ашылмақ.

Айт кету керек, астықпен бидай өнімдерін, әсіресе ұнды тұтынудағы Әзербайжан нарығындағыҚазақстанның бәсекелесі – Ресей Федерациясы. Әрине, Ресей бидайы мен ұныныңәлемдік нарықтағы көшбасшы елдердің бірі екені даусыз. Оның үстіне Ресейденастық тасымалдаудың Әзербайжан елі үшін де тиімді тұстары көп. Одан бөлек,соңғы жылдары әзербайжандар бидай өнімдеріне қатысты импортты азайтып, өзөнімдерін тұтынуға күш салып жатыр. Бидай алқаптарын кеңейтіп, астықшаруашылығын дамытып, астық сақтау қоймаларын көптеп салуда. Соның бәрінеқарамастан тоғыз ай ішінде былтырғы көрсеткіштен 30 пайызға артық астықэкспорттау – зор жетістік. Дегенмен, үкіметте соңғы жылдары шикізатты ғанаемес, Қазақстанда дайындалған өнімдерді сыртқа саудалау мәселесі көтеріліпкеледі. Бұл бағытта да Әзербайжан Қазақстанның «Бәйтерек» брендті ұнын тұтынып келген.Былтыр Қазақстанның ұны Әзербайжан нарығындағы ұнның 3-4 пайыздық көрсеткішінқұрады. Бірақ, бұл мақтанарлық көрсеткіш емес, өйткені, 2014 жылдан бастап ұнэкспорты азая бастаған. Оған дейін Қазақстан Әзербайжанға 500 мың тоннадан 1,1тоннаға дейін ұн сатып келген. Содан кейін барып, Ресейдің тасымалдау жағыныңоңай екенін ескеріп, көрші ел кәсіпкерлері негізгі тұтынатын ұнды Ресейден алабастаған. Қазір екі ел – Қазақстан мен Әзербайжан арасында бұл мәселені дереттеудің жолдары қарастырылып жатыр. Дегенмен, Қазақстан бидайын тұтынушы елретінде Әзербайжан біздің шаруалардың өніміне сұранысты күшейте түседі. Өнімгесұраныс күшейген сайын егістік алқаптары да кеңейе түсетіні даусыз. Бұл дамемлекеттің ішкі өнімдерді тиімді пайдалану тұрғысында, ауыл шаруашылығыөнімдерін экспорттау саласындағы тиімді келіссөздерінің және ұстанып отырғансаясатының арқасы деп бағалауға болады.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:18
Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:14
Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 09:25
Тендер: Ал, жеңдер!

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27