Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

Сайт әкімшілігі

18.04.2022, 05:10

1439

Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуірдегі №110 «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бидай мен ұн экспортына квота енгізіледі.

Қазіргі уақытта бұйрық ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды. Жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылаады: — бидай мен меслинге – 1 млн тонна; — бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады). Сонымен бірге, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз. Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квота) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Тегтер: астық шектеу экспорт импорт

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07:47
Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01