23.12.2019, 13:12
183
Қазақстан Дубайда өтетін ЭКСПО-ға 9 миллиард теңге жұмсамақ. Бұл жөніндесауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Біздің павильонды дайындаубойынша жұмыс жүргізілді. Алдыңға жылдары бюджеттен 9 миллиард теңге бөлінген. Павильоносы қаражаттың есебінен Қазақстанға әкелініп, аймақтардың бірінде немесеелордада қызметін жалғастыратын болады», — деді министр.
ЭКСПО көрмесі Дубайда 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуіріаралығында өтеді.
Айта кететін бір жайт, Қазақстан 2017 жылы Астана-ЭКСПО көрмесіне 565,1 миллиардтеңге (2,1 млрд доллар) жұмсаған. Бұл қаржыны Республика бойынша жұмысістеуші адамдардың жан басына шаққанда 66 мың теңгеден келеді.
Фото: Әлеуметтік желіден.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР