"Қазақстан халқына" қорына ең ірі сома түсті

Сайт әкімшілігі

26.01.2022, 14:00

3718

Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі. Қазақмыс пен KazMinerals компаниялар тобы "Қазақстан халқына" қорына 25 миллиард теңге аударды.

Осылайша, екі компания президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап отырғанын мәлімдеді.

«2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген Қазақмыс пен KAZ Minerals әлеуметтік мәселелерді шешу жолында Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын», — делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған аударымдардың ішінде бұл әлеуметтік қорға құйылған ең ірі сома болып саналады. 20 қаңтарға дейін танымал кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен қарапайым халықтан барлығы 19,5 миллиард теңге түскен.

Соның ішінде «Kaspi bank» АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд теңге, «Халық» қайырымдылық қоры — 2 млрд теңге, «Степногорск тау-кен комбинаты» ЖШС — 350 млн теңге және тағы басқа кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, Нұрсултан Назарбаев қорынан 500 миллион теңге аударылды.

"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек.

Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Қазақстан халқына" қоры құрылған болатын.

Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі.

Сондай-ақ қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек беріледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56