Қазақстан мен Беларусь ауылшаруашылығы бойынша бірлескен кәсіпорындар ашпақ

24.10.2019, 15:00

12

БеларусьРеспубликасы Қазақстанның ауыл шаруашылығы бойынша маңызды серіктесі болыптабылады. Бұл байланыс сонау Совет үкіметі кезінен орнаған деуге болады.Қазақстанның астығын орып, қамбасына дән құйған тракторлардың «Беларусь» аталуысоның бір дәлелі. Дегенмен, одан бері біраз уақыт өтті, советтік техникаданәлдеқайда мүмкіндігі зор техникаларға қол жеткізе бастадық. Десе де, Беларусьәлі күнге Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы саласындағы өз орнынжоғалтқан жоқ. Ендігі байланыс өзге де бағыттар бойынша әріптестіккенегізделді. Қалай дегенде де Беларусь елі ауылшаруашылығы бойынша алдынғықатарлы елдерге жатады. Өндірісі де, тауары да әлемде өзіндік сұранысқа ие. Солсебепті, мұндай елмен байланысты нығайта түсу – ауылшаруашылығына ерекше көңілбөліп отырған Қазақстан үшін де маңызды.

Міне, осындайбайланыстар есебінен екі елдің тәжірибе алмасуы да жиі жүріп тұрады. Беларусьпрезиденті Александр Лукашенконың Қазақстанға келіп, ресми, бейресми кездесулерөткізгені белгілі. Ресми сапар кезінде екі ел арасындағы өткен жылғы тауарайналымы бір жарым процентке өскен. Биылғы көрсеткіш те былтырғыдан асып түседідеп болжануда. Өйткені, биылғы сауда айналымы мен алыс-беріс көлемі 500миллиард долларға жуықтаған. 

«Біз екі мемлекет арасында сауда көлемінұлғайтуға, гуманитарлық салада өзара байланысты нығайтуға, халықаралықұйымдарда белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз», — деді ҚазақстанРеспубликасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ал, Беларусь президентіҚазақстанды өз елінің саяси-стратегиялық серіктесі ғана емес, ең ірі саудаәріптестерінің бірі екенін атап өткен. Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусьарасындағы сауда айналымы соңғы үш жылда қарыштап өскен. Қазіргі кһрсеткішбойынша, бұдан үш жыл бұрынғы сауда айналымы үш есе артқанын алға тартқан.

Осындайәріптестіктің жылдам дамып келе жатқан шағында Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығыжәне азық-түлік министрі Анатолий Хотькомен кездесті. Экономика саласында, оныңішінде ауыл шаруашылығы бағыты бойынша бұған дейін де барыс-келістер меналыс-берістер, тәжірибе алмасу алаңдары белсенді жұмыс істеп келгені белілі.Бұл кездесу сол серіктестікті ары қарай дамыту, тығыз қарым-қатынастыжандандыра түсу тұрғысында үлкен маңызға ие екені анық. Жалпы, Қазақстаннанбелоруссияға ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау да бір шама жолға қойылған. Мәселен,бұған дейін Беларусьқа өсімдік шаруашылығы және оны қайта өңдеу өнімдері, атап айтсақ,астық, таңқурай, көкөністер жеткізіліп келген. Және айта кетерлігі бұлөнімдердің тасымалдануына оңтайлы жағдай да жасалған. Мәселен, осы жолғыкелісім бойынша жыл соңына дейін Қазақстанға беларусь тұқымды 300 ірі қаражеткізу жоспарда бар.

Екі елдіңауылшаруашылығы секторының басшылары кездескен отырыста екі ел арасындағы тауарайналымы, оның ішіндегі ауыл шаруашылығы саласындағы қарым-қатынастың қазіргіжай-күйі сөз болды. Сонымен қатар, алдағы уақытқа құрылған біраз жоспарларталқыланып, бірлескен жобаларды іске асыру, екі жақты ынтымақтастықты кеңейтетүсу мәселелері күн тәртібіне қойылды. Солардың негізгілеріне тоқтала кетсек, кездесудежабық су қоймаларда балық өсіруге қатысты ұсыныстар ортаға салынды. Сондай-ақ қостарап Қазақстандағы сүт өнімдері шаруашылығын дамыту бағытында бірлесе жұмысістеуге уағдаласты. Бұл бағыт бойынша Қазақстан тарапы Беларусьтің мал тұқымынасылдандыру және селекция жұмыстарын жүргізудегі тәжірибесін игеруге мүдделіекенін жеткізді. Жем-шөпті әзірлеу, шикізатты жаңа заман талаптарына сай,техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестендіру, мал ауруларымен күрес,ветеринария саласындағы жұмыстарды жүйелеу сияқты мәселелерде екі елдіңбір-біріне берері де, алары да аз емес. Қазақстанда 2020 жылдың біріншіқаңтарынан бастап сүттің табиғи шикізатына, яғни, сүт тапсырушыларға қойылатынталап күшейтілетіні белгілі. Сүт қабылдайтын кәсіпорындар бұдан былай шикісүтті Еуразия экономикалық одағының стандарттарына сәйкес күшейтілген талапбойынша қабылдайды. Міне, осы жағынан алғанда бұл кездесудің маңызы зор.  Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайтаөңдеу мәселесінде Белорусь тарапы Қазақстанның маңызды серіктесі жәнетәжірибелі әріптесі ретінде алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге дайын екенінжеткізді. Осыған орай екі елдің бірлесе отырып ветеринария өнімдері мендәрі-дәрмектерді өндіру, өндіріп қана қоймай, оның басқа елдерге де тауарретінде шығару мәселесі көтерілді. осыған орай алдағы уақытта Беларусь пенҚазақстанның бірлескен кәсіпорнын ашу жоспары қарастырылды. Бұл мәселе, яғни,биологиялық-ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша бірлдескен кәсіпорынқұру бойынша ынтымақтастық пен бірлескен қызмет туралы Меморандумға бұданбұрынғы жұмыс тобының отырысында қол қойылған. Меморандумда Беларусьтің «БелВитунифарм»ААҚ мен Қазақстанның «WEIDER PHARM» ЖШС-нің әріптестігі арқасындажетуге болатын жетістіктер сөз болған. Енді соған орай екі ел нақты жоспарларқұрып, ұсынатын болады. Бұл туралы:

— Жұмыс тобыныңотырысы барысында биологиялық ветеринариялық препараттар өндіру бойынша екіелдің бірлескен кәсіпорнын құру жөнінде Меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек,білім беру және ғылыми орталықтарымыз арасындағы байланысты жандандырамыз депкелістік. Беларуссияда дән егуден бастап машина құрастырумен айналысатын 5ғылыми орталық бар. Бұл бағыт бойынша да бірлесіп жұмыс істей аламыз депойлаймын. Екі елдің ірі аграрлық шараларын да атап өтуіміз керек. Біз осындайфорумдарға, жиындарға делегаттарымызды жіберіп отырамыз деген келісімге келдік,- деді Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі және азық-түлікминистрлігі сыртқы экономикалық қызмет бас басқармасының басшысы АлексейБогданов.

Ресми кездесудеаграрлық сала бойынша білім беру мәселесі де сөз болды. Білім саласын заманауиақпараттандыру мен оқыту технологиясы мен аква-мәдениетті дамыту туралыайтылды. Осыған орай, тәжірибе алмасу ғана емес, өндірісті бірлесе дамытумақсатында «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ оқу-тәжірибелікшаруашылығы жанынан сүт өңдеу цехын ашу туралы ұсыныстар да айтылды. 400-ден700-ге дейін сиыр сауылатын модельді сүт-тауар фермасы құрылса, бұл екі елдіңбілім алушылары үшін де үлкен тәжірибе алаңы болар еді.

— Біз әріптесім –Беларусь ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, ведомстволар арасындағыынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткіздік. Алғашқынәтижелер – ветпрепараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы меморандумға қолқойылды. Екінші келісіміміз – Алматы облысында сүт-тауарлы ферма салынатынболды, — деді министр Сапархан Омаров журналистерге берген сұхбатында.

Екі елдіңминистрлері екі елдің ауыл шаруашылығы секторын әріптестікте дамыту бағытындағыалғашқы жиынның хаттамасына қол қойған кездесуді қорытындылаған ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жоғарыда аталғанмәселелерден өзге Қазақстан тарапы жемге арналған астық пен қатты бидайдыжеткізу туралы ұсынысты қарастыруға дайын екенін айтты.

Елордада өткенекі ел арасындағы бизнес форумда да ауыл шаруашылығын айналып өту мүмкінболмады. Онда сөз болған тағы бір мәселе өнеркәсіп саласындағы әріптестіктөңірегінде болды. Айталық, бұл форумда құны 75 млн доллар болатын 15 маңыздықұжатқа қол қойылса, соның басым бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуғаберілді. Бұл өз кезегінле екі жаққа да тиімді екені  айтылуда. Қазақстанның нарығына өз өнімдеріншығарғысы келетін Белорусь кәсіпкерлері бұл келісім бойынша тауарын өткізудіғана емес, екі елдің экономикалық байланысы мен дамуына серпін берсек дейді.

— Біз Қазақстантұтынатын тауарлардың белгілі бір көлеміне лизингтік және несиелік үлесінежеңілдік жасаймыз. Сондықтан субсидия негізінде пайыздық үлес те айтарлықтайтөмендейді. Ол елдеріңіздегі ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін тиімдіболмақ, — деп атап өтті Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі ПавелЮтупин.

Айта кету керек,биылғы жарты жылдықтың есебі бойынша екі ел арасындағы ауыл шаруашылығыөнімдерінің айналымы 90 миллион доллардан асып жығылыпты. 

Фото: 7kun.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27