Қазақстан мен Швейцария су ресурстарын пайдалану бойынша әріптес

09.09.2019, 16:08

7

Қазақстанның ғанаемес, күллі дүниежүзінің ауыл шаруашылығында судың атқарар ролі ерекше. Суболғанда оның егістік алқаптар үшін маңызды екені айтпаса да түсінікті ғой, бізайтып отырған маңыздылық – бір елді кесіп өтіп, келесі елге шығатын, тіпті бірөзі бірнеше елді басып өтетін өзендер жайы. Міне, ауыл шаруашылығы саласындағысудың маңызы дегенде ең алдымен осы мәселе еске түседі.

Бұрындары бұлмәселе көп қозғала қоймайтын. Өйткені, онда алдымен тұтынушылық азырақ болды,экология мәселесі қазіргідей көп туындай қоймаған. Сол себепті, елдер арасындасуға талас көп байқалмайтын. Ал қазір жағдай мүлде басқа. Су үшін жан алысып,жан берісіп, жаға жыртысып жатпаса да елдер арасында бұл мәселе төңірегіндежиі-жиі келіспеушіліктер болып тұрады. Міне, осындай кезде жағдайды ушықтырмай,су мәселесін орнымен шешу халықаралық саясатта аса маңызды жағдай саналады.

Қазақстанғакелсек, көршілес елдермен бір ғана Сырдарияны бөліп пайдалану туралы осы күнгедейін қаншама кеңес, қаншама жиын өткізіліп, қаншама сұрақ талқыланды екен.Сырдария басқа емес, ауылшаруашылығының жетекші аймағы саналатын оңтүстікаймақты кесіп өтетінін ескерсек, сонымен қатар сол Сырдың бір емшегін еміпотырған көрші Өзбекстанның ең алдымен ауыл шаруашылығына арқа сүйеп отырған елекенін алға тартсақ, бұл мәселенің Қазақстан үшін жай әңгіме болмағаны тағыақиқат. Сыр туралы сөз тек ауыл шаруашылығына ғана емес, экология проблемасындада зор роль атқаратыны белгілі. Айтпаса да түсінікті шығар, Сырдарияныңкөңіл-күйі Арал проблемасына тікелей әсер етеді. Сыр тоқ болған кездері Аралтолып ағатын. Сырдарияны жөнсіз жұлмалаймыз деп жүріп бір кездегі лықсып тұрғаналып теңізден айрылдық. Әсіресе Өзбекстан жағы мүлде қуаң далаға айналып шығакелді. Бұған да өзбек ағайындардың Сырдың суын есепсіз пайдалануы себеп болдыдеп жүр осы күні. Ал, Қазақстан жағы баяғыдай толқып, шалқып отырмаса даәйтеуір теңізден қалған көл бар. Осы күні соны толтырамыз деп күш салып-ақжатырмыз.

Одан кейінгіөзенге қатысты мәселе Жетісудың бас өзені Ілеге қатысты. Қазақстан шекарасынбір емес, екі рет қиып өтіп, Қытай асып, қайта келетін Іленің азаюы даБалқаштың тартылуына соқтырғаны белгілі. Бірақ, Аралдан аузы күйген ел тезарада дабыл қағып, сонау Совет өкіметі кезінде-ақ мәселені бір жағынашығарғандай болған. Десе де, содан бері Іленің деңгейін сантиметрлеп өлшегендейболып, Қытаймен қаншама кеңес өткізілді. Міне, осындай өте нәзік мәселекөршілес елдер ғана емес, Еуропамен қарым-қатынаста да маңызды. Өйткені,алыс-беріске, инвестицияға қатысты сөз болғанда елдегі экологиялық жағдай, суресурстары, көршілес елдермен қарым-қатынас мәселесі алдымен ескеріледі.

Осы және өзге демәселелерге қатысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман ВасиленкоШвейцариядан келген арнайы өкілмен кездесу өткізіп, Қазақстанның суресурстарына қатысты ұстанып отырған саясаты мен қарым-қатынасы жайлыәңгімеледі. Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің арнайы өкілі ГийБонвэнмен өткен әңгіме барысында қос тарап 2019 жылғы 5-6 қыркүйекте елордадаөткен «Орталық Азиядағы су мәселелері жөніндегі диалог: Ұлттық деңгейденжалпыаймақтық деңгейге» тақырыбындағы екінші Орталық Азия сараптамалықфорумының қорытындыларын тілге тиек етті. Сонымен қатар Орталық Азиядағы суресурстарын дұрыс пайдалану, яғни, су ынтымақтастығы мәселелері төңірегінде дебіраз талқылау өткізді.

Швейцария дамужәне ынтымақтастық агенттігінің арнайы өкілі Гий Бонвэн алдымен жоғарыда аталған«Орталық Азиядағы су мәселелері жөніндегі диалог: Ұлттық деңгейденжалпыаймақтық деңгейге» форумына тоқталып, оның ұйымдастырылу сапасына жоғарыбаға берді. Оның ойынша бұл Қазақстанның суды тиімді пайдалануды реттеу бойыншаатқарып отырған бірінші шаруасы емес. Ол Қазақстан Республикасы үкіметінің бұғандейін де Орталық Азиядағы суды бірлесіп пайдалану бойынша жүргізіп отырғансаясатына да жоғарғы баға берді.

ҚазақстанРеспубликасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өз кезегіндебұл мәселенің, яғни, форумда сөз болған Орталық Азиядағы су мәселелеріжөніндегі диалогтардың маңызы зор екенін атап өтті. Ол Қазақстан тарапы бұғандейін де бұл төңіректе талай шаруаға арқау болғанына тоқталып, осы мақсатта теккөршілес елдермен, Орта Азия елдерімен ыгтымақтасып қана қоймай, бұл мәселегеЕуропалық Одақпен, одан өзге де кез келген серіктес елдермен бірлесе жұмысістеуге бейіл екенін алға тартты. Вице-министр бұл тарапта Қазақстан үшін Швейцарияменбайланыстың да орны ерекше екенін айтты.

Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арал мәселесін алғатартып, Аралдың тағдыры бір Қазақстанға ғана емес, арысы күллі әлемге, берісіОрталық Азия елдеріне әсер ететінін айтып, бұл төңіректе былтыр тамыз айындаТүркіменбашыдағы Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде экс-президентНұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын тілге тиек етті.

Кездесу барысындаГий Бонвэн Швейцария тарапының Қазақстанмен бұдан былай да ынтымақтастыққадайын екенін айтып, бұл төңіректе атқарылып жатқан кейбір шаруаларды атап өтті.Ол Швейцарияның «Blue Peace Central Asia» бастамасы аясында Шу-Талас сушаруашылығы комиссиясымен бірлесе атқарылып жатқан жоба туралы айтып өттіү Бұлжобалар алдағы уақытта өз жемі сін береді деп сенеді шетелдік өкіл.

Фото: mfa.gov.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34