02.04.2021, 10:21
1640
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады.
«1 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды», — делінген ҚР Энергетика министрлігінің «Жас Алашқа» жіберген хабарламасында.
Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн баррельді, маусымда тәулігіне 1,469 млн баррельді және шілдеде тәулігіне 1,475 млн баррельді құрайды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР