Қазақстан су тапшылығымен қалай күресіп жатыр?

16.07.2020, 16:07

9


2020жылы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрлігінде 2019 жылдың қорытындылары мен 2020 жылғаарналған міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

«Сутапшылығы көрші елдерден (Қытай, Ресей және Орта Азия елдері) келетін ағынның төмендеуімүмкіндігіне, сондай-ақ алдағы уақыттағы экономикалық дамуға байланысты болады.Осыған байланысты Министрлік «Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы» жобасын ұсынады»,- деді министр қаңтар айында берген есебінде.

«Елэкономикасы үшін келесі мәселелер қиындықтар туғызады: су ресурстарын басқаруинфрақұрылымының нашарлауы, су тасқынынан және су деңгейінің жеткіліксізқорғалуы, өнеркәсіпте қайта өңделген судың төмен деңгейі, тарифтерді белгілеумеханизмінің әлсіздігі және білікті кадрлардың жетіспеуі», — деп түйіндеді ол.

Елдіңбас экологы, Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметтері бойынша, ОрталықАзия аймағының елдері су күйзелісінің жоғары деңгейіне, ал Қазақстан орташадеңгейге жатады деп атап өтті.

Олсумен жабдықтау мәселелерін үш блокқа бөлді:

·   тұрғындар үшін;

·   қоршаған орта;

·  экономика үшін.

Елтұрғындары үшін келесі проблемалар бар: сапалы ауыз судың қол жетімділігі,вегетациялық кезеңде суармалы судың болмауы, әсіресе оңтүстік аймақтарда.

Қоршағанорта үшін ол келесі салдар аталды: Жайық өзені, Балқаш және Арал көлдері сияқтысу объектілері аймақтарындағы экологиялық жағдайдың нашарлығы, экологиялықжағдайдың көрші мемлекеттердің су саясатына тәуелділігі, су объектілерін тұтынусарқындыларымен ластау, су ресурстарын ысырапсыз пайдалану салдарынан суобъектілерінің сарқылуы.

2030жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламада жаңа су қоймаларын салу, ЖІӨбірлігіне судың шығынын азайту шаралары, 26 жаңа гидротехникалық құрылыстарсалу, 182 республикалық және 300 муниципалды гидротехникалық құрылыстарды қайтақұру, суармалы жерлерді көбейту үшін жаңа суару жүйелерін салу, су алқаптарыныңорман жамылғысын ұлғайту, бассейннің материалдық-техникалық жабдықталуынжақсарту қарастырылған.

Сондай-ақ,2019 жылдың бірінші жартыжылдығында су саласына инвестициялар 86,7 млрд. теңгегежеткені белгілі.

Қазақстанда508 гидроқұрылыс салу және қайта құру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.Сондай-ақ, жаңа суару жүйелерін салу және су құбырларының ұзақтығын арттыру дажүзегеасырылмақ.

ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚауіпсіздікКеңесінің отырысында берген және Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың 24 қаңтарда өткен кеңейтілген отырыста бергентапсырмасына сәйкес су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасының Тұжырымдамасы жасалды. Сонымен қатар, 10 шілде күніөткен Үкімет отырысында да мемлекет басшысы экологиялық проблемаларды шешудіңтиімді әдістерін ұсынуды талап еткен болатын.

Сушаруашылығының ардагері, сарапшы Аманжол Қожағұлов:

«ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің су шаруашылығындамытуға деген назары болашақта су проблемалары туралы уақытылы ескертугебағытталған. Осындай шаралардың бірі ретінде мен елде сумен қамтамасыз ету үшінсу қоймаларын салу, сондай-ақ су тасқынының алдын алу маңызды деп санаймын.Мұны қазір жасау керек. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан су ресурстары бойыншаішінара басқа елдерден тәуелді. Сондықтан су мәселесін дер кезінде шешу біздіңел үшін өте маңызды».

Осымәселеге байланысты Су ресурстары комитеті төрағасы орынбасарының м.а. МаратИманалиев былай деп пікір білдірді:

-  «2030 жылға қарайҚазақстан су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және қайта құру арқылы 3 млн гасуармалы жерді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, және Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселеге ерекше назар аударуы оның елүшін әлеуметтік мәні мен стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. 2026 жылға қарай38 су қоймасын салу жоспары бар. Сумен жабдықтау желілерін қайта құру арқылыбіз көбінесе су өрістерге жеткізілген кезде пайда болатын судың жоғалуыныңалдын аламыз. Сондықтан, ауыл шаруашылығында фермерлер үшін суды үнемдейтінсуару әдістеріне, оның ішінде тамшылатып суаруға көшу маңызды. Біз өзтарапымыздан суды үнемдеу әдістерін ескере отырып, сумен жабдықтау лимиттерінбелгілейміз, жаңа сараланған тарифтерді ұсынамыз. Мұндай тарифтер Израильмемлекетінде қолданылады. Су үнемдейтін суару жүйесін қарқынды қолданудың,судың шығынын жоюдың арқасында біз суармалы жер көлемінің ұлғаюы үлкен көлемдегісу алуға алып келмейді деп санаймыз».

Елдіңжылдық су қоры 100 км кубтан асады, оның ішінде 46 км кубтан астам су қорыреспубликадан тыс жерлерде қалыптасады. Жер асты суларының зерттелген қоры – 15км кубты құрайды.

100км кубтың 50-і экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қажет. Экономика шамамен24 куб км пайдаланады, атап айтқанда, шамамен 16 км куб – ауыл шаруашылығында,шамамен 7 км куб – өнеркәсіпте және 1 км куб – тұрмыстық қажеттіліктергеарналған. Яғни, су тұтынудың 67% ауылшаруашылығына, 30% – өнеркәсіпке, қалғаны –тұрмыстық қажеттіліктерге келеді. Сонымен бірге, 2040 жылға қарай Қазақстандасу тұтыну 56%-ға өседі деп күтілуде.

Арналардыңтозуы 80% құрайды, оның 18 мың км-ден астамы жөндеуді қажет етеді.

Ескіргенинфрақұрылым және онымен байланысты үлкен шығындар, сапалы судың жетіспеушілігі,тарифтерді белгілеу тетіктерінің әлсіздігі, білікті мамандардың жетіспеуі,көрші мемлекеттермен суды бөлу проблемалары су шаруашылығының қазіргі кездегіең өткір проблемалары болып табылады. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшінҚазақстанда су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттікбағдарламасының жасалуы талап етілді.

Бағдарламажобасының мақсаты – елдің тұрақты дамуы үшін су ресурстарын қамтамасыз ету, суобъектілерін сақтау және қалпына келтіру, халық пен экономика үшін экологиялықтаза жағдайды қамтамасыз ету.

Бүгінгітаңда 7 нақты мақсатты индикатор алдын-ала анықталды:

•Бағдарламаның мақсаты – 2030 жылға қарай қосымша су ресурстарының ұлғаюынабайланысты су балансын 100 км куб деңгейінде сақтау: 5-7 км кубқа жаңа суқоймаларын салу, суды үнемдеу 5 км кубқа дейін, жер асты суларын пайдалану 15км кубқа дейін;

•ішкі жалпы өнім бірлігіне су шығынын 1 мың долларға 91,2-ден 73 куб метргедейін азайту;

•26 жаңа гидротехникалық құрылыстың құрылысы;

•182 республикалық, 300 коммуналдық гидротехникалық құрылысты қайта құру;

• Суармалыжерлерді 1,7 миллионнан 3 миллион гектарға дейін ұлғайту үшін жаңа суаружүйелерін салу; төселген магистральдық және тарату каналдарының ұзындығын3423-тен 19000 км-ге дейін ұлғайту;

•бассейндік инспекциялардың материалдық-техникалық жабдықталуында 100%қауіпсіздікті жақсарту;

•орман алқаптарын 1-ден 200 мың гектарға дейін ұлғайту.

Қазақстанның2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасына 10 негізгібағыт кіреді: халықаралық ынтымақтастық, нормативтік-құқықтық базаны жаңарту,институционалды реформалар, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және қайтақұру, су нарығын құрудың халықаралық тәжірибесін зерттеу, су секторынцифрландыру, «Smart Water» жобасын іске асыру, Су ресурстарын экологиялықтұрғыдан оңтайлы пайдалану, заманауи дағдылары бар су шаруашылығы мамандарындаярлау және маңызды ұлттық су жобаларын жүзеге асыру. Мағзұм Мирзағалиевтіңайтуынша, тұжырымдама ғалымдар, жұртшылықтың және су мамандарының қатысуымен талқыланыпәзірленді.

Жалпы,су экологиясына қатысты, халықты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешужолында билік тарапынан үнемі тиісті жобалар мен іс-шаралар атқарылып келеді. Суменқамтамасыз ету мәселесін жан-жақты шешу үшін Қазақстанда 2002 жылы басталып,2010 жылы аяқталған «Ауыз су» бағдарламасы қабылдаған болатын.

«Ауыз су»бағдарламасы аяқталғаннан кейін Қазақстан өзінің 2011 жылдан 2020 жылға дейінгі9 жылға арналған «Ақ-Бұлақ» мемлекеттік сумен жабдықтау бағдарламасын іскеқосты. Бұл жолы мемлекет жіберілген қателіктер мен алғашқы «Ауыз су»бағдарламасында жіберілген қателіктерді ескере отырып, бағдарламаны жүзегеасыра бастады. Бағдарлама бойынша, 2020 жылға қарай Қазақстанның ауылтұрғындарының 85%-ы және қала тұрғындарының 100%-ы орталықтандырылған суменжабдықтау жүйелерінен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Бағдарлама бойыншаинвестициялар мен қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде шамамен 951 490,3 млн. теңгені(шамамен 2 млн. 450 мың АҚШ доллары) құрады, кейіннен қаржыландыру көлемі бірнешеесе өсті және өсуді жалғастыруда. Кейіннен «Ақ-Бұлақ» бағдарламасы Өңірлердідамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының және «Нұрлы жол»мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының құрамдас бөліктерінің біріретінде енгізілген болатын.

Еркежан АРЫН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04