Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды

Сайт әкімшілігі

10.08.2022, 11:37

2010

Қазақстанда көшкін, су тасқыны, сел, құрғақшылық, қар көшкіні және күннің күрт суытуы жиі болып тұрады. Әсіресе жер сілкінісі мен су тасқынынан ел халқы мен экономикасы айрықша көп зардап шегеді. Жыл сайын еліміз табиғи апаттар салдарынан шамамен 477 миллион доллар жоғалтады, деп хабарлайды  Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Energyprom сарапшыларының зерттеуінше, Қазақстанда су тасқыны қаупі жиі болатындықтан, қатты жаңбыр мен қардың еруінен айтарлықтай зиян келеді. Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының (ОАӨЭК) 2022 жылғы есебіне сәйкес, су тасқынынан болатын орташа жылдық шығын 419 миллион АҚШ долларына бағаланған, бұл жер сілкінісінен болған 58 миллион доллардан 7 есе көп.

«Еліміздің барлық аймағына су басу қаупі жиі төнеді. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарына келген шығын 30 миллион доллардан асады. Ең көп орташа жылдық шығын Қызылорда облысында тіркелді: $60,7 млн. Батыс Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарындағы шығын жылына 40 миллион доллардан асады», — дейді сарапшылар.

Бұл мәселеде аймақтағы төрт мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арқылы өтетін Сырдария өзенін айрықша атап өту керек. Бұл өзен бойын мекендейтін мыңдаған адамға әрдайым қауіп төніп тұрады. Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасында су көлемінің артып кетуі, ағыстың төменгі жағындағы жиі мұз кептелісі, жаңбыр мен қар суы Өзбекстанда, сондай-ақ еліміздің Қызылордада жиі су тасқынына әкеп соғады.

«Қазақстанда су тасқынынан зардап шегетіндердің орташа жылдық саны шамамен 156 мың адамды құрайды. Зардап шеккендердің ең көп орташа жылдық көрсеткіші Ақмола (22 мың адам) және Қызылорда (19,4 мың адам) облыстарында тіркелген», — делінген зерттеуде.

Жер сілкінісіне келетін болсақ, бұл табиғи апаттан келетін Қазақстандағы орташа жылдық шығын $57,6 млн құрайды. Еліміз бойынша Алматы қаласы жер сілкінісінен көп зардап шегедіда: $46,8 млн. Одан кейін Түркістан (8,9 млн доллар) және Жамбыл (1,6 млн доллар) облыстары тұр.

Осы үш аймақтың өзі елдегі барлық орташа жылдық шығынның 100%-ға жуығын құрайды, елдің қалған бөлігіне жер сілкінісі қаупі тумайды.

«ОАӨЭЫ бағалауы бойынша Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 44 000 адам жер сілкінісінен зардап шегеді. Зардап шеккендердің орташа жылдық саны бойынша Алматы облысы бірінші орында тұр: 37,2 мың адам. Одан кейінгі орындарда Түркістан (5,6 мың адам) және Жамбыл (1,1 мың адам) облыстары тұр», — дейді сарапшылар.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 12:06
Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum таңдауы бойынша тағы да үздік CEO атанды
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:56
Жаңа Қазақстанда қауіпсіз жұмыс
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.09.2022, 08:42
Жемқорларға жем болған Қазақстан
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.09.2022, 08:51
Кедей жаритын, халық дамитын күн туа ма?!
"Жас Алаштың" сараптама орталығы 20.09.2022, 08:37
Қайтқан малда қайыр бар. Jusan банк Ксell акцияларын қайтаруы тиіс
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:22
Астана атауын қайтаруға қанша ақша жұмсалады?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41