Қазақстан ТОП-50-ге неге кіре алмайды?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

12.11.2020, 16:18

1557

Жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингінде Қазақстан 55-орынға табан тіреп тұр.

Осыдан 6 жыл алдын еліміз үздік-50 елдің қатарын толықтырып, 2015 жылы 42-орынға жайғасқан еді. Тіпті, бәсекеге қабілетті бәсекеге қабілетті 30 елдің қатары түйіндейміз деген міндет жүктелді. Алайда экономикадағы жүйелік дағдарыс салдарынан  Қазақстан үздік-50 елдің санатынан тыста қалды. Енді, биылғы жылдың нәтижесін келер жылдың қаңтарында білеміз. Осы жолы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан бой көрсете аламыз ба?

Бұл туралы экономист Мақсат Сералы 55-орынды ұстап тұрғанның өзі жетістік екенін айтады:

–Қазіргі таңда орын алып жатқан әлемдік дағдарыс, короновирус жағдайында төмен сырғымай осы позицияны ұстап тұрудың өзі үлкен жетістік. Келесі жылы, енді, қайтадан жандану, тоқыраудан кейінгі қайта қалпына келу кезеңі болады. Дегенмен экономикалық үлкен көрсеткіштер көрсете алмауымыз да мүмкін. Себебі,  қазір ЖІӨ төмендеп жатыр. Оған мұнай бағасының арзандауы тікелей әсер етеді. Бұл сәйкесінше әлемдік рейтингтегі орнымызды айқындауға себеп болады. Рейтингті өзгерту үшін ЖІӨ-ді көбейтуіміз, отандық тауар өндірушілердің санын көбейтуіміз керек. Яғни, халықты кем дегенде өзін-өзі тауармен қамтамасыз ету көрсеткішін жоғарлатуымыз қажет. Сондықтан, бұл рейтингке әсірге мән берудің керегі жоқ.  

Бәсекеге қабілетті елдердің рейтингін шығаруда Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі маңыздылыққа ие. Оған шамамен 140-ға жуық ел қатысып, 12 көрсеткіш есепке алынады:

  1. Институттар сапасы;
  2. Инфрақұрылым;
  3. Макроэкономикалық тұрақтылық;
  4. Денсаулық және бастауыш білім;
  5. Жоғары білім және кәсіби даярлық;
  6. Қызметтер мен тауарлар нарығының тиімділігі;
  7. Еңбек нарығының тиімділігі;
  8. Қаржы нарығының дамуы;
  9. Технологиялық даму деңгейі;
  10.  Ішкі нарық өлшемі;
  11.  Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі;
  12.  Инновациялық әлеует.

Бір өкініштісі, Қазақстан аталмыш рейтингте макаэкономика көрсеткішімен ғана жан сақтап отыр.  Сондықтан, рейтингтегі ең маңызды саналатын әлеуметтік жағдайды дамытпай бәсекеге қабілетті үздік-50 ел қатырына қайта қадамдай алмаймыз.

Осы тұрғыда Мақсат Сералы елдегі жұмыссыздық көрсеткішіміздің төмендеуіне әсер ететінін айтады:

–Бұл рейтингтегі негізі көрсеткіш – халықтың әлеуметтік жағдайы.  Оның ішіне Қазақстандағы орташа жалақа көлемі, жұмыспен қамтамасыз ету немесе жұмыссыздардың саны  әлемдік рейтингтерде маңызды болып саналады. Мысалы, екінші пандемияның жағдайында шектеу қойылатын болса, Алматы қаласының өзінде 200 мыңдай адам жұмыстан айырылу қаупі бар. Сәйкесінше бізде жұмыссыздықтың пайызы өсед. Сол себептен, әлемдік рейтингте көрсеткішіміз тағы да төмендеуі мүмкін.

Түсінгеніміз, Қазақстан үздік-50 қатарынан тағы да тыс қалмақ. Алайда 2020-ның нәтижесін  2021 жылдың еншісіне қалдырдық.

Тегтер: Экономика мұнай жұмыссыздық пандемия

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42