"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басшысының экс-орынбасарына ірі көлемде айыппұл салынды

Сайт әкімшілігі

23.04.2021, 16:22

3589

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

«12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотымен „Қазақстандық тұрғын үй компаниясы“ басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа 72 миллион теңге, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды», — деді Биғайдаров брифингте.

Өсербаев 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан мүлікті басқару жөніндегі ұйымның қызмет көрсету шарты аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді.

«Осы үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды», — деді Биғайдаров.

Қазақстандық тұрғын үй компаниясы Қазақстандағы тұрғын үйлер құрылысының бірыңғай операторы және «Бәйтерек» холдингіне кіреді. Бұрын "Қазақстан ипотекалық компаниясы" (ҚИК) деп аталған.

Айта кетейік, Асқарбек Өсербаев 2020 жылдың жазында компания басшысының орынбасары болып тағайындалған еді.

Қазақстан қор биржасының хабарламасы бойынша директорлар кеңесінің 2021 жылғы 2 наурыздағы шешімімен Өсербаев ҚТК басқармасының құрамынан шығарылған.

Тегтер: жемқорлық сыбайлас жемқорлық пара мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:40
Азық-түліктің қымбаттауына қатысты үкіметтің есебі дұрыс па?!
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:22
Қарыз қамыты: Банкке көмектескен үкімет халыққа неге көмектеспейді?
М.СӘУЛЕБЕК 13.05.2021, 09:39
Оңтүстіктен солтүстікке инвестиция бара жатыр
Еркежан Арын 11.05.2021, 10:19
Отандық автомобильдер экспорты дамып келеді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 11.05.2021, 09:15
Экономиканы дел-сал ғып, Ұлттық қорға қол салдық
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:33
Қазақстандықтардың банктерге қарызы 7 трлн теңгеге жетті

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06