Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды

Сайт әкімшілігі

20.09.2021, 13:18

927

Қазақстан Үкіметі мен «Сбербанк России» қол қойған цифрлық трансформация жөніндегі жобалар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның егжей-тегжейі белгілі болды, 

Желіде Үкіметтің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі "Цифрлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделіне және «Data-Driven Government» тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы" қаулысы жарияланды. Құжат Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында шықты.

Меморандумдағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан Үкіметі цифрлық трансформацияға және цифрландырудың платформалық моделіне көшуге мүдделі.

«Цифрлық платформалық шешімдерді құруға арналған технологиялары, тәжірибесі мен құралдары бар СБЕР компаниялар тобы стратегиялық әріптес ретінде қазақстандық бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші – „BTS Digital“ ЖШС-ны (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 40 пайыз үлесі бар ERG тобының еншілес компаниясы) анықтаған.

Жалпыға бірдей қабылданған практикаға сүйеніп, теңдік, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде әрекет ете отырып, СБЕР компаниялар тобының стратегиялық әріптесінің және „Астана“ халықаралық қаржы орталығының Қазақстан Республикасына тиесілі бейінді ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қатысуымен жобаны іске асыру үшін арнайы консорциум құру туралы шешімді келісіп:

  • адамға бағдарланған сервистерді іске асыру үшін цифрлық платформалық шешімдерді енгізу;
  • деректерді талдау және жасанды интеллект бойынша практикаларды қолдана отырып, мемлекеттік басқарудың реинжинирингі және цифрлық трансформациялау;
  • қолайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру;
  • экономикалық өсуге және инновациялық белсенділікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында», — делінген құжатта.

Меморандумның мақсаты: Сбер компаниялар тобының «Platform V» шешімі базасында Қазақстан Республикасында цифрландырудың платформалық моделіне («GovTech платформасы») көшу.

2021 жылдың соңына қарай Сбер, BTS Digital және (немесе) оның бөлімшесі арасында мамандандырылған деректер орталығының негізінде GovTech платформасын орналастырудың қауіпсіз динамикалық инфрақұрылымын құру туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Тараптар 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін меморандумды іске асыру бойынша егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оған қол қоюды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірген болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31