#Qazaqstan30: Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» ойдағыдай жүзеге асуда

Сайт әкімшілігі

08.11.2021, 22:43

788

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы елімізде 2019 жылы іске қосылды. Жобаға сәйкес, саланы дамыту аясында басым жобаларға жеңілдікті несие беру көзделген. Бүгінгі таңда Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 192 жоба мақұлданып, іске асуда.

         Кербұлақ ауданына қарасты Бостан ауылының тұрғына Ерлан Нұрсейітов – аталған бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың бірі. Ол мал шаруашылығымен 2017 жылдан бері айналысын келеді. Кәсіпкерлігін кеңейтіп, «Нұрсадық-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрады. Кәсіпкерлікте 204 бас ірі қара мен жылқы бар.

Мал шаруашылығын дамытып, қожалықтағы мал басын көбейтуге оған мемлекеттік «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы көп септігін тигізді. Бұл туралы кәсіпкер: «Қожалығын кеңейту мақсатында бағдарлама аясында 48 млн теңге несие рәсімдедім. Қаражатқа қосымша 120 асыл тұқымды сиыр сатып алдым. Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен тығыз байланыстамын. Өйткені асыл тұқымды сиыр басын көбейту жағын ойластырып жатырмыз. Облыстың мал шаруашылығын дамуына өз үлесімді қосқым келеді», – дейді.

Ендігі кезекте қожалық ауыл шаруашылығы сәйкестендіру қорында толық тіркелгеннен кейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қоса алғанда, бірнеше бағыттар бойынша субсидиялар алуға өтінім бере алады. Мемлекет тарапынан отандық асыл тұқымды малдың бір басына 150 мың теңге бөлу қарастырылған.

  Қазіргі таңда Кербұлақ ауданында  56485 бас ірі қара, 249569 бас қой-ешкі, 18586 бас жылқы, 65 бас түйе және 66556 құс өсіріледі. Одан бөлек Алматы облысында ірі қара мал басы 1.3 млн, ал қой-ешкі саны 4.2 млн.-нан асты.

Айта кетерлігі, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобалардың іске асу барысын мониторинг жүргізу және сүйемелдеу мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан жобалық кеңсе құрылған. Кеңсе жұмысына облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының және екінші деңгейлі банктердің өкілдері тартылған болатын.

– Жалпы бағдарлама бойынша біз құны 86,2 млрд. теңге болатын 265 жобадан тұратын жобалар тізімін әзірледік. Бағдарламаның операторлары екінші деңгейлі банктер мен аграрлық несие корпорациясы. Бүгінгі таңда банктер мен аграрлық несие корпорациясы тарапынан жалпы сомасы 57,1 млрд. теңгеге 192 жоба мақұлданды. Кәсіпкерлік субъектілері қаражатты өндіріс орнын кеңейтуге, мал мен техниканы сатып алуға, көктемгі егіс жұмыстарына байланысты алды, – деп атап өтті Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Атап айтар болсақ, бағдарлама аясында Талдықорған қаласындағы «Жұмағали» шаруа қожалығы дәнді (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруге 75 млн. Теңге қаражат алды. Талғар ауданында кеңселік және студиялық жиһаз өндіретін «P.T.Z» ЖШС зауыты 500 млн. теңгеге несие рәсімдеп, бүгінде өндірісін кеңейту мен өнім жинағын үлкейтуде. Бағдарламаның арқасында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Альтаир» өндірістік кооперативіне құрастырмалы темірбетон және бетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісін іске қосу үшін 135 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Кеген ауданында «Тасбұлақ» ЖШС 8,8 млн. теңгеге жылқы сатып алып, мал фермасын ашты.

Тегтер: мал шаруашылығы мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:00
Доллар қайта қымбаттады
Сайт әкімшілігі 11:02
Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгеге жетті
Оразәлі СӘБДЕН 08:15
Әлеуметтік инновацияны дамыту идеясы
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 22:18
Еңбек министрлігінің атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту ұсынылды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.11.2021, 09:10
Мамин «өсіп жатырмыз», сарапшылар «өшіп жатырмыз» дейді...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 18.11.2021, 08:57
Алақаны бар ақшамыз, алақан жайып кетпесе екен

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30