#Qazaqstan30: БЖЗҚ жұмысының 90 пайызы онлайн түрде жүзеге асады

Еңлік АБАҒАН

08.11.2021, 08:38

267

Зейнетақымен қамтамасыз ету кез келген елдің барлық азаматтарының қызығушылығын тудыратын сфера болып табылады. Оның сандық және сапалық сипаттамасы қоғамның әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және мәдени дамуының деңгейін көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің құрылымы мен қызметі көбінесе елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының тұрақтылығы мен динамикасын анықтайды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі, зейнеткерлердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуші жеткілікті зейнетақы мөлшерінің болуы, олардың уақытылы төленуі қоғамда жағымды әлеуметтік климатты қалыптастырады. Жылдан жылға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің реформасында көп өзгерістер орын алуда. Сонау 1998 жылдан бастап елімізде аралас зейнетақы жүйесі енгізілді, яғни мемлекеттік және жинақтаушы зейнетақы жұйесі қатар жүрді. Қазіргі таңда зейнетақы жүйесі мемлекет тарапынан біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Цифрлық жүйге көшті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке бірнеше тапсырма берді. Соның ішінде тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету мәселесі де бар. 2021 жылдан бастап БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығы берілді. Зейнетақы қорына байланысты оқырман тарапынан туындаған сұрақтарға БЖЗҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының өкілі жауап берді. 

Қордың жақын жердегі бөлімшелерінің мекенжайларын қалай білуге болады?

Жақын арадағы «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің мекенжайлары туралы ақпаратты қордың ресми сайтынан, сондай-ақ кез келген смартфонға немесе планшетке жүктеп, ENPF ұялы қосымшасы арқылы білуге болады. Сіз, сондай-ақ +7 777 000 1418 нөмірі бойынша What's Aрр қызметін пайдалана аласыз және Қор маманынан бөлімшелердің мекенжайын ғана емес, өзіңізді қызықтыратын барлық ақпаратты ала аласыз. Ең дәстүрлі тәсіл – 1418 бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу, онда қор операторлары Сізге «БЖЗҚ» АҚ-ның жақын жердегі бөлімшесін қалай табуға болатынын айтып береді.

БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасын қалай жүктеп, тіркелуге болады?

ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Қосымшаның жеке кабинетінде авторлану үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе логин (ЖСН) мен пароль пайдаланылады. Бірақ логин мен парольді, егер өз жинақтарыңыз туралы деректерді «нтернет-хабарландыру» тәсілі арқылы алуды алдын ала таңдап алған болсаңыз ғана пайдалануға болады. Бұл таңдауды да осы жерде, мобильді қосымшада немесе enpf.kz сайтында ЭЦҚ көмегімен жасауға болады. Егер ЭЦҚ болмаса, онда бір рет қор офистерінің біріне немесе тұратын жеріңізде ол болмаған жағдайда «Қазпошта» АҚ-ның 300 бөлімшесінің біріне барып, тиісті келісімге қол қоюға тура келеді.

Мобильді қосымшадағы барлық ақпарат 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Қосымшаның көмегімен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтаманы, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, сізді қызықтыратын мәселе бойынша өтініш жіберуге, мобильді кеңсенің шығуына немесе кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ, шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Бұдан басқа осы қосымша арқылы БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткілікті екендігін біле алады.

Қайтыс болған туысын жерлеуге және жинақтауға арналған біржолғы төлемді қалай алуға болады?

Алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, олардың жасы 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 6 айға артып отырады) толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген (2021 жылғы АЕК – 2 917 теңге), бірақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан артық емес мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жасайды.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді. Егер осы төлемнен кейін жеке зейнетақы шотында жинақтар қалса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан (жерлеуге/мұрагерлерге) зейнетақы төлемдерін алуға және мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-да ресімдеуге арналған құжаттар тізбесімен Қордың enpf.kz ресми сайтында танысуға болады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат қордың сайтында «Алушыларға» – «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде жарияланған.

Қандай электрондық қызметтер бар? Індетке байланысты тағы бір рет жүзбе-жүз хабарласқым келмейді.

БЖЗҚ-ның барлық қызметтерінің 90 пайыздан астамы қазір электрондық форматта көрсетіледі. Мысалы, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке тіркелу арқылы бірқатар қызметтерді алуға, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді бақылауға, шарттардың деректемелерін толықтыруға және т. б. көптеген қызметтерді іске асыруға болады. Сіз бұл сервисті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы пайдалана аласыз. Сондай-ақ, 1 немесе 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлемге және (немесе) көшуге қатысты өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқа қызметтерге де еш қиындықсыз қол жеткізуге болады.

Қордың enpf.kz сайты үнемі жаңартылып отырады, онда жаңа қызмет түрлері пайда болуда. Мысалы, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, алушыларға ыңғайлы болу және уақыттарын үнемдеу мақсатында Қор БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан және оларға есептелген инвестициялық табыс есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ның корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін іске асырды. Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру қызметі БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары:

– міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

– ЕЗЖ есебінен: 50 жасқа толған және мүгедектігі бар адамдарға;

ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған алушыларға ұсынылады. Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. «БЖЗҚ» АҚ-да тіркелген төлем алуға өтініштің орындалу мәртебесін enpf.kz сайтында да «Электрондық сервистер» бөліміндегі «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» қызметінің көмегімен қадағалауға болады. Өтініш беру үшін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Жеке кабинетте авторлану, содан кейін «Қызметтер» бөлімінде «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау, одан әрі тиісті құжаттарды ЭЦҚ-мен толтыру және қол қою қажет.

БЖЗҚ өтінішін өңдеу мәртебесін сайттағы жеке кабинеттің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» қызметі арқылы оңай қадағалауға болады. Салымшы сайтта болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, болашақ зейнетақы төлемдерін өз бетінше есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы.

Ол үшін «Болжамды калькулятордағы» барлық жолдарды толтыру қажет: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтар сомасы және т. б. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екі-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Жеке кабинеттегі «Зейнетақы калькуляторында» жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға қолжетімді сома немесе инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аударым туралы ақпарат қолжетімді.

Шоттың жай-күйін қадағалауға, зейнетақы жүйесінің барлық жаңалықтары туралы білуге, зейнетақы жарналарының түскені туралы push-хабарлама алуға және т.б. көптеген қызметтерді біз жоғарыда атап өткен БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан да алуға болады.

 Қор көрсететін қызметтердің көпшілігін www.egov.kz электрондық үкімет сайтынан да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) не бір реттік парольді пайдалану арқылы алуға да болады. ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталынан онлайн арқылы алуға болады.

 Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» сияқты танымал платформаларда БЖЗҚ-ның парақшалары әрдайым белсенді түрде қызмет етеді, онда сіздер өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.

     – Жақында маған 2-топ мүгедектігі белгіленді. Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын ала аламын ба?

     – ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, оның ішінде 1 және 2-топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда да туындайды. БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп, оның ішінде БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының мөлшерін есептеу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасымен және Үкіметтің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесімен айқындалған. Осылайша, егер 2-топтағы мүгедектік сізге мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша немесе егер сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жалпы мөлшері ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аз болса, зейнетақы төлемдерін бір рет біржола ала аласыз. Ағымдағы жылы бұл сома 519 264 теңгеге тең. Егер жинақтар жеткілікті болса, онда зейнетақы төлемдері олар таусылғанға дейін жүргізіледі. Бұл ретте кез келген жастағы мүгедектігі бар алушылар үшін БЖЗҚ-дан төленетін ең төменгі зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% немесе ағымдағы жылы 24 012 теңгеден кем болмайды.

      Өтінішті Қордың enpf.kz сайтында онлайн арқылы беруге болады. БЖЗҚ-ға құжаттардың қабылданған не келіп түскен күні осы санаттағы алушылар үшін зейнетақы төлеміне өтініш жасаған күн болып есептеледі, содан кейін БЖЗҚ он жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерінің сомасын сіздің банктегі шотыңызға аударады.

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:00
Доллар қайта қымбаттады
Сайт әкімшілігі 11:02
Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгеге жетті
Оразәлі СӘБДЕН 08:15
Әлеуметтік инновацияны дамыту идеясы
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 22:18
Еңбек министрлігінің атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту ұсынылды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.11.2021, 09:10
Мамин «өсіп жатырмыз», сарапшылар «өшіп жатырмыз» дейді...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 18.11.2021, 08:57
Алақаны бар ақшамыз, алақан жайып кетпесе екен

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30