Қазақстанда бірқатар банкноттар айналымнан шықты

Сайт әкімшілігі

09.10.2020, 06:14

2796

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналыстан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, 

Бұл банкноттар 2006 жылы 15 қарашада айналысқа шығарылған болатын және 2016 жылы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатты.

«Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және Ұлттық банктің филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі төрт жылға созылды.

Айналыстан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының және Ұлттық Банк филиалдарының қабылдауына және айырбастауына жатпайды», — делінген хабарламада.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15