"Қазақстанда девальвация бола береді"

07.08.2018, 19:03

823

Ұлттық банкте бір доллардың құны 348.8 теңге. Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 349.80 теңгеге сатылып жатыр. Арғы жағындағы 20 тиынды есепке алмағанда доллар құны 350 теңгеге жетті. Екінші дәрежелі банктерден де долларды 350 теңгеге аласыз. Осыдан бір ай бұрын Алматыдағы айырбастау пункттерінде 330-дан сатылып еді.Ресейлік сарапшы Наталья МИЛЬЧАКОВА  доллар құны 400 теңгеге көтеріледі деп болжам жасаған еді. 2018 жылдың қарашасында Конгресс сайлауына байланысты АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы шиелене түсіп шетел инвесторлары жаппай ресей облигацияларынан құтыла бастайды. Сол кезде рубль құнсызданып, теңгенің де жағдайы ауырлады деген еді. Отандық экономисттер Қазақстан үшін девальвация үйреншікті жағдайға айналған дейді.«Қазақстанда девальвация бола береді. Бүгінгі саяси жүйе теңгені құлдырата береді. Өйткені бизнеске жағдай жасалмаған, бюджет ақшасын жемқорлар жұлмалап жатыр. Саяси әділ бәсеке жоқ. Өндіріс жоқ. Барлық заттарды өзге валютада сатып аламыз. Өзге валютада сауда жасап отырғандықтан импорттың арзандауына біз әсер ете алмаймыз. Және біз Ресейге өте тәуелдіміз. Теңге рубльге байлаулы. Қазір санкцияның кесірінен Ресейдің жағдайы өте ауыр. Өндірістері құлап жатыр. Ол рубльді құнсыздандырып жатыр. Әрине, салқыны теңгеге де тиіп жатыр. Девальвацияны тоқтататындай қолымызда ешбір тетік жоқ. Сондықтан да теңге құнсыздана береді. Кейде уақытша тоқтауы мүмкін. Саяси жүйедегі өзгерістер ғана бұның барлығын өзгертеді», — дейді экономист Айдар ӘЛІБАЕВ Жас Алаш тілшісіне.Теңгенің құнсыздануына қатысты Ұлттық банк төрағасы да жауап қатқан еді.«Дамушы елдердің нарқындағы жағдайды көріп отырсыздар ғой. Олардың валюталары әлсіреп жатыр. Қазақстан да сол елдердің санатында. Әлемдік валюталардың өзгерісі әсер етеді. Бұл қалыпты жағдай. Бұған бой үйрету керек», — деген Ұлттық банк төрағасы.Теңгенің табандап қымбаттауы осы жылдың маусым айында басталды. 1993 жылы бір доллар 4 теңге 7 тиын болатын.Фото: sputniknews.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 11:30
Тоқаев Салық кодексіне өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 11:06
20 наурызда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Сайт әкімшілігі 17.03.2023, 13:00
Жақын күндері 2,5 млн-нан астам салымшы депозиті бойынша сыйлықақы алады
Сайт әкімшілігі 17.03.2023, 12:34
Ұлттық қор банкомат па?
Сайт әкімшілігі 17.03.2023, 10:20
Қуатты өңірлер жобасының мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдасы бар ма?!
Сайт әкімшілігі 16.03.2023, 15:05
Айбек Барысов: Біздің экономикаға ұлтшылдық жетіспейді

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28