Қазақстанда дизель отынына жаңа бағалар белгіленді

Сайт әкімшілігі

22.08.2022, 13:43

911

22 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді. 

Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 – 89 теңге. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 тг, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 тг, дизель отынының бағасы литріне 450 теңгені құрайды.

Бұйрықпен Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады.

Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылады.

Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, автожанармай құю станцияларында (АЖҚС) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауға байланысты мәселелерді пысықтап жатыр.

Жақын арада АЖҚС өкілдерімен бірлесіп жүйелерді тестілеу өткізіледі. Қазіргі таңда 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі» ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырылуда. Қазіргі уақытта елдің АЖҚС нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің қалдықтары бойынша деректерді көрсетілген ақпараттық жүйеге беріп жатыр. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысына сәйкес аталған ақпараттық жүйенің операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады.

Argus Каспий нарығы сервисінің деректері бойынша ЕЭО-ға мүше елдерде дизель отынының құны 2022 жылғы 1 тамызда мынаны құрады: Армения – 758 тг/литр; Ресей – 446 тг/литр; Қырғызстан – 412 тг/литр; Беларусь-446 тг/литр.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43