05.08.2019, 17:53
79
2019жылдың басынан бері Қазақстанда инфляция 2,8 пайызға жетті. Бұндай ақпараттыҰлттық экономиканың статистика комитеті таратты. Яғни тұрмысқа қажетті тауарларқымбаттады деген сөз.
Мәселен күріш 15%, ұн 15,4 %, қой еті 11,1%,балық 9,7 %, нан 9%, жеміс-жидек 8,9 %, жылқы еті 8,8 %, макарон өнімі 7,9 %,сиыр еті 7,4 %, құс еті мен шошқа еті 6,8 %, сыр 6,2 %, шұжықтар 4,4 %, шәй 4,3%, шылым 10%, алкоголь 5,6 % өскен.
Санаторияларғадемалу құны да өскендігі байқалады. Оның өсімі 9,9 % болса, медициналық қызмет4,2 %, демалыс орындары мен экскурсиялардың жолдамалары 3,7 %, қоғамдықорындарда тамақтану орындары 3,5 %, шаштараз және басқа да жеке қызмет түрлері 3,3 %, қонақ үйлер 2,2 % артқан.
Теңгеніңжағдайы да мәз емес. Бүгінгі Kurs.kz мәліметінше қазір айырбастау орындарында 1АҚШ доллары 387,1 мен 388,5 теңге арасында сатылып жатыр.
Фото: toluna.com
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР