07.09.2020, 06:42
620
Қазақстанда апта басында доллар бағамы көтерілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.
7 қыркүйектегі таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллар биржада 422,74 теңгеден сатылды. Ал 4 қыркүйек, жұмада доллар 420,76 теңгемен сауданы жапты. Осылайша, шетел валютасының бағамы 1,98 теңгеге өсті.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматының ақша айырбас орындарында доллар 423-425 теңгеден сатылып жатыр, 418-423,2 теңгеге сатып алынады.
Нұр-Сұлтан айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 422,8-424 теңге аралығында, сату бағамы 418 теңгеден 422 теңгеге дейін.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР