Қазақстанда кедейлік деңгейі 1,5 миллион адамға артады – Дүниежүзілік банк

Еркежан АРЫН

25.01.2021, 11:00

1342

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы аға экономисі, Самсу Рахараджа:

— COVID-19 дағдарысы Қазақстандағы кедей адамдар санының өсуіне әсер етуі мүмкін. Біздің ойымызша, кедейлік деңгейі базалық сценарийден ең нашар жағдайда 6 -дан 14%-ға дейін өседі. Бұл шамамен 1,5 миллион адам, — дейді.

Оның айтуынша, болжамдар екі себепке негізделген: жұмыссыздар санының өсуіне байланысты кірістің төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне байланысты сатып алу қабілетінің төмендеуі.

«Үкімет халықты әлеуметтік төлемдермен қолдау үшін дұрыс қадамдар жасауда. Алайда, дағдарыс жалғасып жатыр, сондықтан бақылауды жалғастыру қажет, халықтың қай тобына көбірек қауіп төнетінін анықтап, сәйкесінше қолдау деңгейін түзету керек.  Үкімет қалпына келтіруге бағытталған ауқымды реформаларды жүзеге асырып, оған бүкіл халық кіргені жөн», — деді Рахарджа.

Көрсеткіштер осылай көтеріліп кетер болса, кедейлікті төмендетудегі соңғы жетістіктерді жоққа шығаруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, COVID-19 әсері Қазақстанның ауылдық жерлерінде күштірек болуы мүмкін. 

Осыған байланысты Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кедейлердің саны 0,7 миллион адамға өсуі мүмкін – бүгінде бұл елдегі кедейлердің жартысы. Қалған кедей адамдар қалаларда тұрады. Дұрыс қолдау болмаса, ауыл тұрғындарының дағдарысқа дейінгі өмір деңгейіне оралуы ауылдық жерлердің терең тамырланған жұмыссыздықтың жоғары қаупі, экономиканың төмен қалпына келуі, негізгі қызметтердің сапасыздығы сынды сипаттамаларына байланысты әлдеқайда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.

Тегтер: індет коронавирус дерек дәйек ақпарат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51