Қазақстанда қосымша салық амнистиясы жүргізіледі

10.06.2020, 12:43

46

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасында салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған түзетулер ұсынылды.

Мәжілістің жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті қолданысқа енгізу туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Заң жобасы аясында базалық салалардағы отандық компанияларға ағымдағы өтімділігін арттыру, төтенше жағдай режимінен кейін экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін қаражатты босату, отандық тасымалдаушылар паркін жаңарту, мемлекеттік емес БАҚ-ты қолдау үшін салықтық жеңілдік жасау, сондай-ақ карантин кезеңінде салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған түзетулер ұсынылады.

Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін қосымша салық амнистиясын жүргізу көзделіп отыр.

Мәжіліс депутатының айтуынша, 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін берешегі төленген жағдайда, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасын есептен шығару бойынша жеке тұлғаларға қосымша салықтық рақымшылық жасауды жүргізу ұсынылады.

<span style=«font-family:»vertical-align:baseline;font-style:italic;font-weight:bold;">«Бұл мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығына қатысты. Салық амнистиясы азаматтарымызды санкциялардан босатады, осылайша олардың қаржылық жағдайы жақсарады», – деді депутат Альберт Рау.

Сонымен қатар, заң жобасында "Қазақстан темір жолы" ұлттық операторы үшін осы жылдың екінші және үшінші тоқсаны үшін қосылған құн салығын төлеу мерзімін 2021 жылдың ақпанына ауыстыру көзделіп отыр. Бұл түзету жүк айналымы мен жолаушылар тасымалының тоқтауынан болған салдарды азайту үшін ұсынылған.

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында әуежайларды жер салығынан босату жоспарланып отыр. Мемлекеттік емес БАҚ-ты да салықтан босату қарастырылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:05
2021 жылғы ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:48
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ
Қарлығаш Зарыққанқызы 02.12.2020, 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11