Қазақстанда құс тұмауы жоқ

22.10.2019, 15:17

12

Ертеректе адамдарүшін аса қорқынышты емес деп саналған құс тұмауы осы ғасыр басында мутациялықөзгерістерге ұшырап, құстан өзге жануарларға ғана емес, адамдарға да жұғатынболды. Соның салдарынан қаншама адам ауырды, қаншасы қаза тапты. ӘзіргеҚазақстанда құс тұмауынан қайтыс болған адам тіркелген жоқ. Десе де, Қазақстанхалқы бұл індет жайлы жақсы біледі. Өйткені, 2000 жылдары көрші Қытай еліндегіаурудың жаппай таралуы салдарынан бірнеше адам ауырып, бірнешеуі қайтыс болған.Сол кездерде құс етін дұрыс пайдалану, арнайы мөр басылмаған құс, мал еттеріналмауды, әсіресе, ауру ошағы саналатын Қытай, Индонезия, Вьетнам, Камбоджа, Пәкістан,Корея, Таиланд, Тайвань және Жапония елдері континенттік жағынан бізденсоншалық қашық емес. Және бұл елдер ішінде сауда-саттық қана емес, азық-түлікалмасу жұмыстары да көп жүреді. Оның үстіне, құс тұмауы құстардың ұшу жолыбойынша да таралады. Осыны ескерсек, біздің елімізде құс тұмауының таралу қаупіжоғары болған. Дегенмен, дер кезінде дабыл қағылып, уақтылы қимылдағанныңарқасында бұл індетті айналып өтудің мүмкіндігі туды.

Енді, ауру ошағыАзия мемлекеттері болғандықтан, қазақстан сол елдердің ортасында отырғандықтанөзге әріптес елдер бізбен сауда-саттықты мүлде тоқтатып тастамаса да,байқап-байқап қатынас жасайтын болған. Әр өніміңді бір шоқып, екі қарапдегендей, сақтықпен алатын. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының ішінде ет, құсетін өндірумен айналысатын біздің ел үшін біраз кедергілер жасағаны анық. Әйтседе, уақыт өте келе Қазақстанның өніміне деген сенім құалпына келе бастады.

Құс тұмауынегізінен жабайы құстар арқылы таралып, үй құстарына ғана емес, жылқы, шошқасияқты жануарларға да жұғады. Бұл адам денсаулығына қауіпті екенін айттық.Дегенмен, қазірге дейін әлемде бұл аурумен ауырып, көз жұмғандар саны мыңдап,миллиондап саналмайды. Алғашында абайсызда, адамға жұғады деп білмегендіктенуақыт өткізіп алған елдер, көп ұзамай бұл аурудың алдын алды. Мәселен, 2003жылдан бері бұл аурумен 100-ден аса адам ауырса, оның тең жартысына жуығықайтыс болған. Демек, таралу аймағы аз болғанмен, бір жұқтырған адамның оңалуықиын деген сөз. Осындай жағдайлардың салдарынан жоғарыда аталған елдердемиллиондаған үй құстары өртеліп, залалсыздандырылды. Бұл, әрине, қауіпсіздікүшін керек. Дегенмен, қаншама құстың шығынын есептемегенде, осы жағдайдан кейінбұл елдерден құс, мал етін алу біршама қиындаған. Яғни, қауіпсіздік шараларыкүшейтілген. Десе де, ара-тұра әлемнің әр түкпірінен шаң беріп қалатын бұлқауіпті аурудың қаупі сейілді деп айту қиын. Сол себепті, қазір ет өнімдерін,оның ішінде құс етін сатып алуды әлем абайлап саудаласады.

Қазақстандағы ұзақжылғы қауіпсіздік шаралары текке кеткен жоқ. Ақыры Қазақстан дүниежүзілікжануарлар денсаулығын сақтау ұйымының шешімімен құс тұмауынан таза ел дептанылды. Бұл мәлімет дүниежүзілік жаунуарлар денсаулығын сақтау (МЭБ) ұйымыныңресми сайтында жарияланды. Бұл жақсы жаңалық Қазақстанның құс шаруашылығына, етшаруашылығына серпін береді деуге болады. Өйткені, жоғарыда аталған түрлікедергілер мен, оңды-солды тексерістер тоқталады. Қазақстаннан шыққан тауардіттеген жеріне контрабанда мен өзге қауіпсіздік шаралары болмаса, залалсыздықжағынан еш кедергісіз жетеді.

Мамандар бұл ҚазақстанРеспубликасының ветеринарлық қызметінің жолға қойылғанын көрсетеді дейді. Оданбөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеуинститутының, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің жоспарлы түрдебірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі. Қазақстан агроөнеркәсібінде құсшаруашылығының орны ерекше. Демек енді бұл бағыттағы жұмыртқа және етөнімдерінің саудасы қыза түседі деуге болады. Бұл жақсы жаңалық әлемдік саудаайналымында да Қазақстанның имиджін жақсартады. Жаңа нарықтарды ашу мәселесісөз болып жатқанда, мұндай жаңалықтың жаңа мүмкіндіктер сыйлайтыны анық.

Фото: turkystan.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39