Қазақстанда студенттерге берілетін грант саны артады

Сайт әкімшілігі

11.09.2023, 15:45

3151

2024 жылы 180 мың студент жоғары стипендия алады. Бұл туралы Мәжілісте «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты.

«Жалпы, елімізде шетелдік жоғары білімді алуға мүмкіндік жасау бағытында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында оқуға жыл сайын

1 700 студентті қабылдау көзделген. Сәйкесінше қаражат қарастырылған. Кадрларды даярлау бойынша биылға қарағанда 2024 жылы 5 мың қосымша грант беру жоспарланған, 180 мың студент жоғарылатылған стипендия алады», — деді А. Бейсенбекұлы.

ҚазАқпарат хабарлағандай, 15 мыңға жуық студентті жатақханада орынмен қамтамасыз етуге 2024 жылға 6 млрд теңге қарастырылған.

«Сонымен қатар, 4 мың жетім бала мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жатақханаларда тұрғаны үшін өтемақы төлеу қарастырылған. Бұған 2024-2026 жылдарға 1,2 млрд теңге сомасында қаражат бөлінбек. Ал ғылымды қаржыландыру көлемі ағымдағы жылдың деңгейінен 50 пайызға артып, 242 млрд теңгені құрайды. Бұл 616 жетекші ғалымның еңбекақысын ұлғайтуға, іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми зерттеу институтын қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, 720 жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтетін болады», — деді вице-министр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 11:30
АҚШ қаржы министрлігі Ресейге қатысты санкция тізімін ұлғайтты
Айтбала Сүлейменқызы 15.09.2023, 13:00
Қарағандылық өңдеуші кәсіпорындар экспорт көлемін ұлғайтуға үлес қосуда
Айтбала Сүлейменқызы 15.09.2023, 10:56
Қарағандыдағы өңдеуші өнеркәсіптер экономикаға серпін береді
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 09:20
Депутат шетелдік сериалдарға шектеу қоюды сұрады
Сайт әкімшілігі 11.09.2023, 15:00
Қазақстан үкіметі моноқалаларды дамытады
Жарас Шөке 10.09.2023, 09:15
Назарбаев мектептері қара уылдырық, Ауыл баласы қара нан жей ме?

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55