Қазақстанда волонтерлік қызметті қолдау саясаты белсенді дамып келеді

Еркежан АРЫН

23.06.2021, 10:50

1533

       Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) «ҚР жағдайындағы қайырымдылық жүйесі» атты талдамалық есебін дайындады. Сауалнама нәтижелері бойынша азаматтардың көп бөлігі (54,4 пайыз) қайырымдылыққа оң көзқараспен қарап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады екен. Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан тұрғындары алдыңғы қатарда. ҚҚДИ-дің аналитикалық есебінде қазақстандықтардың көпшілігі (46,9 пайыз) қайырымдылықты кез келген ақысыз көмек ретінде түсінетіндігі атап көрсетілген. Қайырымдылық жасаушылар қайырымдылықты көмекке мұқтаж адамдарға тікелей беру арқылы көреді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай азаматтар 35,2 пайызды құрайды. Көпшілігі әр адам қайырымдылық шараларын өз мүмкіндігіне қарай жасауы керек деп санайды.

       «Екі өлшеулердің нәтижелері қайырымдылық шараларға қатысу халықтың қаржылық жағдайы мен өмір сапасына тікелей байланысты екенін көрсетті. Басқаша айтқанда, адам материалдық қолы бос кезде көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге дайын», – делінген Қазақстан әлеуметтік даму институтының «Рухани жаңғыру» аналитикалық есебінде.           Социологиялық зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, респонденттер мұқтаж адамдарға заттарды, өнімдерді, тауарларды беруге қатысқан.

         Баяндамада қазіргі кезде Қазақстанда халықтың назарында мемлекет (60 пайыз) бұрынғыдай, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, орта және шағын бизнес, үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы әлеуметтік қолдаудың негізгі жеткізушісі болып табылатыны атап көрсетілген. Социологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша 2021 жылы сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі халықтың әлсіз топтарына көмек көрсетуді жөн көреді екен.      Қайырымдылықтың ең қолайлы түрі «Тікелей ақшалай немесе мүліктік көмек» болып шықты. Зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қайырымдылықты институттандыру және осы сектор үшін тұрақты инфрақұрылым құру бойынша ұсыныстар жасалды.

        Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким:

– «Еріктілер қызметі туралы» заң қазіргі кезде құрылымдық сипатқа ие және бастапқыда қосымша қаржыландыру көзделмеген. Сондықтан еріктілер қызметінің бірыңғай тұжырымдамалық аппараты мен құрылымын анықтау өте маңызды болды.

        2019 жылғы мамырда Қостанайда өткен Қазақстан–Ресей жастар форумында ел президенті барлық еріктілер ұйымдарының бастамасын қолдаған болатын-ды.

        Депутаттың айтуынша, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жанынан заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылған. «Еріктілер қызметі мен қайырымдылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. ҚР Ақпарат министрлігінің хабарлауынша, заң жобасы Парламент Мәжілісінде осы күзде қолданысқа енеді.

Вера Ким волонтерлікті жүйелі түрде дамыту мақсатында Ұлттық волонтерлік желі басқарған еріктілердің республикалық фронт-офисінің жұмысы басталғанын атап өтті. Өз кезегінде фронт-офис волонтерліктің түрлі бағыттары бойынша 17 аймақтық кеңселердің қызметін үйлестіретін бірыңғай орталыққа айналды. Qazvolunteer.kz еріктілердің бірыңғай онлайн-платформасының жұмысы да белсендірілді. Қазіргі уақытта оған 47 мыңнан астам еріктілер мен үш мың түрлі волонтерлік ұйымдар және бүгінгі таңда еріктілердің көмегіне мұқтаж ұйымдар тіркелген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12.10.2021, 09:12
Ау, үкімет! Енді нан таппай қалмаймыз ба?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08.10.2021, 17:08
Қарағандыдағы квазимемлекеттік сектор сыбайлас жемқорлықты алдын алуға кірісті
Сайт әкімшілігі 08.10.2021, 15:05
Рейтингі төмен мәслихат депутаттарын ротация күтіп тұр - Байбек Шымкентте

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29