Қазақстанда жанармай қымбаттады

Сайт әкімшілігі

09.04.2021, 15:36

1919

Қазақстанда бензин бағасы күрт қымбаттады. Энергетика министрлігі жанармай құнын ешкім реттемейтінін айтты, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Алматыда бірнеше күн бойы ең көп сұранысқа ие бензин маркасының бағасы жеті теңгеге көтерілді. АИ-92 бағасы литріне 168 теңгеге дейін өскен.

«Баға бір ай ішінде бірнеше рет өзгерді. Бір ай бұрын АИ-92-нің бағасы 150 теңге болатын, қазір ол 13 теңгеге өсті», — дейді жүргізуші Дархан Әбдіралиев. 

Кейбір өңірлерде баға бірнеше рет өзгерген. Ақтауда кеше АИ-92 маркалы бензин 159 теңге болса, бүгін 172 теңге болып тұр. Петропавлда бензин одан да қымбат. Республиканың солтүстігінде АИ-92 бағасы литріне 178 теңгеге дейін жетеді. Өңірде бензин тапшылығы да байқалады. Бірқатар жанармай құю бекеттері бензинді тек талон арқылы береді.

Ал Тараз қаласында АИ-95 маркалы бензин тапшы екені анықталды. Бұл марканың бағасы 186 теңгеге дейін өскен.

Қазақстаның батысында жанармай құю станция (ЖҚС) иелері бензин сатуға шектеу қойған. Бір көлікке 10 литрден артық бензин сатылмайды. Оралда бензин талон арқылы ғана сатылады. Ең арзан бензин Ақтөбе қаласында. Ондағы баға 150 теңге.

Семейде жанармай 10 теңгеге қымбаттаған. Елдегі бензиннің ең қымбат бағасы Атырауда тіркелген. Онда литріне 200 теңге. Ақтауда АИ-92 сегіз теңгеге арзан. Оралда литріне 170 теңге.

Жанармай бағасы бірнеше себептерге байланысты өскендігі айтылып жатыр. Олардың ішінде: екі мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы жөндеу, импорттық шикізат және экономикалық дағдарыстың орын алуы. Мұның бәрі бағаның өсуіне себеп болған. Алайда Энергетика министрлігі бұл жағдайды қалыпты санайды.

"Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы баға реттелмейді және сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен анықталады. Ел бойынша АИ-92 бағасы литріне 154 теңгеден 172 теңгеге дейін өзгереді. Резервте мұнай жеткілікті. Біз жетіспеушіліктің болмауы үшін барлық жағдайды қарастырдық", — деді Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Талғат Құрманбаев.

Сарапшылар Қазақстандық зауыттардың үштен бірі Ресейден шикізат алатынын айтып отыр. Онда литр бағасы 200 теңгеден асады. Олардың айтуынша, егер жағдай өзгермесе, қымбаттаған бензин тауарлар мен қызметтердің құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы
Сайт әкімшілігі 23.05.2023, 15:51
Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.05.2023, 09:31
Шабан жалақы, жүйрік инфляция, тепеңдеген халық
Сайт әкімшілігі 22.05.2023, 12:02
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидалары тізімін жариялады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2023, 15:45
Банкрот болдым дегенше...
Күлтегін БЕК 18.05.2023, 10:09
АҚШ-та дефолт болса, ҰЛТТЫҚ ҚОР бізді құтқара алмайды

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31