Қазақстандағы шетелдік компаниялар саны өсті

Сайт әкімшілігі

12.10.2020, 03:42

1465

Қазақстанда шетелдік үлестің қатысы бар жұмыс істеп тұрған компаниялар саны 21,7 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың дәл осындай көрсеткішінен 11,8 пайызға көп. 

 Ranking.kz мәліметінше, оның 97,3 пайызы немесе 21,1 мыңы — шағын, 1,5 пайызы (325) — орта және 1,2 пайызы (260) — ірі компания саналады. Шетелдік компаниялардың 8,6 мыңы көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді. Құрылыс саласында 2,2 мың, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 1,6 мың компания бар. Қазақстандағы шетелдік компаниялардың ең көбі — ресейлік. Айталық, осы жылдың тамыз айын соңында Қазақстанда Ресейдің 7 040 компаниясы жұмыс істеп тұрды. Олардың басым бөлігі (3 061 компания) сауда саласында қызмет көрсетеді. Елімізде Түркиядан келген кәсіпорындар да аз емес. Оның саны — 2 044. Түрік компаниялары негізінен сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі салаларында қызмет көрсетеді. Айта кетерлігі, қонақ үй мен тамақтану бойынша қызмет көрсету саласында түрік компанияларының саны (172 кәсіпорын) басым. Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниясы бар елдің қатарында Қытай да бар. Бұл елден 1 020 шағын, 16 орта және 20 ірі компания жұмыс істейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20