Қазақстандық мұнай экспорты: КҚК-да екі айлақ жұмысы тоқтатылды

Сайт әкімшілігі

22.08.2022, 15:03

941

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) екі қондырғы жұмысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылы тамызда сүңгуір бригадаларымен ВПУ-1 және ВПУ-2 жабдықтар кешеніне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде су асты құбырларының қалқымалы цистерналарға бекіту орындарында жарықтар анықталды (ескерту: қалқымалы танк су асты құбырлар гильзасын алдын ала белгіленген конфигурацияда ұстауға арналған, ауа толтырылған қуыс құрылым)».

Консорциум Қара теңіз халқына, флорасы мен фаунасына қауіп жоқ екенін, техниканың тығыздығы сақталғанын атап өтті.

«Су асты жабдықтарынан анықталған зақымдарға байланысты КҚК дереу ВПУ өндірушісіне, IMODCO-ға, сондай-ақ құрылғылардың қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалайтын ABS классификациясы қоғамына құрылғыны одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы кеңес алу үшін жүгінді.

Бұл ұйымдар қалқымалы танкті ауыстырғанға дейін ВПУ жұмысын тоқтатуды ұсынды. ABS 2021-2022 жылдары қысқы кезеңде ерекше күрделі гидрометеорологиялық жағдайлардың байқалғанын, бұл зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті», — деді КҚК өкілдері.

Сонымен қатар, консорциум ақау мұнайдың төгілуіне немесе апатқа әкеп соқпағанын баса айтты. Компанияның жабдыққа қатысты осы тәуекелдерді жою шараларын қабылдағаны атап өтілді.

«КҚК тиісті техникалық тапсырманы әзірледі және құрылғыларды ауыстыруды көздеп отыр. Бұл операцияны жүзеге асыру үшін ұйымдарды алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу жүргізіліп жатыр», — деп қорытындылады ҚҚК.

КҚК жағдайға қатысты қосымша хабарлауға уәде берді.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД-дағы энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. «Теңіз – Новороссийск» құбырының ұзындығы 1511 шақырым. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екі бөлігінен астамы, сондай-ақ ресейлік кен орындарының шикізаты, оның ішінде Каспий теңізінде орналасқан кен орындары осы бағыт бойынша тасымалданады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43