Қазақстанға атом электр станциясы қажет пе?

Аталмыш мәселеҚазақстанда қызу талқылануда 

Оразәлі СӘБДЕН

08.12.2021, 18:30

3095

Қолда бар деректерге сүйенсек, елімізде электр қуатына деген қажеттілікте ерекше өзгерістер жоқ. Мамандар да Қазақстанда электр қуатының тапшылығы жоқ деп есептейді. Дегенмен оған деген сұраныстың артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта еліміздің энергетикалық жүйесі көмір, газ және су электр станцияларынан тұрады. Сондай-ақ 3 пайыздық жаңартылатын энергия көзі бар.

2016 жылдың қарашасында сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр қуатының артық болуына байланысты республикада, кемінде, жеті жыл бойы атом электр станциясын салынбайтынын айтқан болатын-ды. Алайда 2019 жылғы 3 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресейлік технологияларды қолданатын атом электр станциясын салуды ұсынды. Келесі күні Қазақстан Республикасы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев АЭС құрылысының алдын ала алаңы ретінде Алматы облысындағы Үлкен атты елді мекені анықталғанын айтты. Ресейде атом электр станциясы бар. Сондықтан олар бар күшімен ойлап тапқан нәтижелерін, тәжірибелерін бәріне сатуға тырысады. Әйтпесе зауыттарды жабуға тура келеді, ал Ресейде мұнымен бүкіл өнеркәсіп жұмыс істеп жатыр. Олар бұл өндірісті бір елдің аясында ұстай алмайды, сондықтан ресейліктер кеңейгісі келеді. Өйткені бұл осы саланың экономикасын сақтау үшін керек.

Негізінде, мемлекет тарапынан электр энергиясының тапшылығы туралы екі түрлі ақпарат жүріп жатыр: мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездесуінде Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективаларына, соның ішінде АЭС құрылысына тоқталды. Оның айтуынша, ел электр энергиясы тапшылығының алғашқы белгілерін сезініп үлгерді, осыған байланысты атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауға тура келеді.  Бұған дейін БАҚ өкілдерімен кездесуде премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда электр қуатын жеткізуде ешқандай проблема болмайтынын айтқан болатын. Бұдан түсінетініміз, олар өздерінің қызығушылығына қарай ақпаратты ауыстырып жатыр деген ой келеді. Бір елде екі басшыға екі түрлі ой айтуға болмайды. Ғалымдар, оппозициялық топ айтса сөз басқа.

Кейбір жақтаушылар «Көміртекті ізімізді азайтуымыз керек, оны бірінші кезекте энергетика саласында жасау керек. Ал оны азайтуға мүмкіндік беретін базалық станция – ядролық. Өйткені бізде өзендер көп емес, сондықтан көп су электр станцияларын орнатуға болмайды» дейді. Бірақ халықтың тығыздығы да үлкен емес екенін айта кеткен жөн. Өзендер аз деу туралы келісе қоймаспыз, одан кейін электр энергиясының басқа да қауіпсіз түрлері бар екенін ескеру керек.

Неге атомдық энергияны алға тартып отыр десек, ол энергияның баламалы түрлеріне, яғни көміртегі жоқ энергияға жатады. Энергияның бұл санатына күн, жел энергиясы да кіреді. Бұларды басқаша «жасыл энергия» деп те атайды, өйткені зиянды шығарындылар жоқ. Ғалымдар атом реакторларында қауіпсіздік жүйелері бар дейді. Олардың атом энергиясына деген көзқарастары мүлде басқа. Оны қауіпсіздіктің барлық принциптері сақталуымен түсіндіреді: тереңдікте қорғаныс, әртүрлі кедергілер және т.б. Мұның бәрі тексеріліп, күзетіледі: физикалық қорғаныс бар, жеке қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әртүрлі бөлімдер – ядролық, радиациялық, физикалық-ядролық және т.б. болады дейді. Әрине, бәрі тамаша айтылған, егер атом электр стансасын салу саяси қадам ретінде емес, таза экологиялық-экономикалық деп есептелсе, мәселенің түп-төркінін түсіне отырып, біз барлық қауіпсіздік құрылымдарын қамтамасыз ете аламыз ба? Тараз маңындағы және Арыстағы жарылыстарынан кейін біз қандай сақтық шаралары туралы айта аламыз.

Негізінде, атом электр станциясының өзі логистикалық және экологиялық проблемаларға байланысты үлкен қауіптерге ие. Атом энергиясын пайдалану көптеген жаңа проблемаларды тудырады. Біріншіден, Балқаштың экожүйесі қазір өте тұрақты емес, өйткені көл таяз. Оның тереңдігі сыни белгіде. Жақын маңдағы АЭС-тің пайда болуы, тіпті радиоактивті шығарындылар болмаса да, одан бөлінетін ыстық су Балқаштың әлсіз экожүйесіне теріс әсер етеді.

Ядролық ғалымдардың «жобадан тыс апат» деген керемет сөзі бар. Бұл олар реакторды қаншалықты қауіпсіз жасауға тырысса да, олар болжай алмайтын апаттың бар екенін білдіреді. Бұл Чернобыльда да, Фукусимада да болды. Бәрін алдын ала білдік дегеннің өзінде, олар болжамаған апаттар бар болып шықты. Сондықтан бұны болжау мүмкін емес нәрселер, яғни олар оны жеңе алмайды. Кенеттен жер сілкінісі мен бір мезгілде су тасқыны болса, сол жерде жарылыс пен 1000 жыл бойы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Ресей немесе басқа біреу салатыны белгісіз. Бірақ, әрине, бұл технология жеткізушісіне ондаған жылдарға тәуелділік. Егер бүкіл атом станциясы 100 пайыз импортталады деп есептесек, онда бұл ел мен ұйымға тәуелділік пайда болады. АЭС-тен саясат жасаудың қажеті жоқ, бұл экономикалық немесе экологиялық қажеттілік емес, біз үшін. Содан кейін тағы бір сұрақ туындайды: атом станциясы жұмысының қалдықтарын қайда қою керек? Қазақстанда сақтау орны жоқ. Бізде Семей полигонында пайдаланылған радиоактивті көздердің шағын қоймасы бар, бірақ ол реакторлық отынға арналмаған. Қазақстанға оны бір жаққа әкетуге тура келеді, ал онымен үлкен проблемалар мен үлкен ақша, өйткені қалдықтардың импорты мен экспортын реттейтін, шешетін, тыйым салатын халықаралық шарттар бар. Ресейде және реакторлар салатын елдерде өндірістің толық циклі бар және пайдаланылған отынды сақтайтын орын бар.

Бізге жаңа электр станциясы керек пе – ашық ақпарат жоқ, өйткені барлық ағымдағы болжамдарда, керісінше, энергияның профициті ұзақ мерзімді перспективада. Бірақ оңтүстік аймақ тапшы. Дәл инженерлік есептеулер қажет. Әзірге олар жоқ. Болашаққа арналған жоспарларды ашық көздерде де жоқ.

Егер атом станцияларында кенеттен апаттар болса, онда бұдан былай өмір сүруге және егіншілікпен айналысуға болмайтын жерлердің ауданы жүздеген мың гектармен өлшенетінін түсіну керек. Адамдар қайда бармақ? Бұл аймақ ауылшаруашылық болып табылады, егер станцияда бір нәрсе болса, радиациялық деңгей адамдар үшін қауіпті болмаса да, онда көкөністер өсіру, сату және онымен өмір сүру мүмкін болмайды. Бұл өте маңызды.

Орталық Азия толық ауқымды атом станциясын пайдалануға дайын ба және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма? Мен, шынымды айтсам, күмәнданамын. Егер әлемдегі ең дамыған елдер ядролық энергетикадан бас тартса, бүкіл Еуропа дерлік: Италия өз станцияларын жауып тастады, Литва жабылды, Швейцария бесеуінің бірін тоқтатты – ол бәрін жабады, атом электр станцияларынан бас тарту жоспарлары Бельгия, АҚШ, Испания, Швеция, Тайваньда жүзеге асырылады. Австрия мен Польша қазірдің өзінде салынған АЭС-терді іске қоспады. Германияда 2011 жылдан бастап 17 реактордың 8-і тоқтатылды, үш атом станциясы жерге дейін бөлшектелді. 2022 жылы барлық неміс атом электр станциялары жабылады, жабу туралы заң 2011 жылы Фукусима апатынан кейін бірден қабылданды.

Егер біз болашақ туралы айтатын болсақ, онда өсіп келе жатқан сұранысты жаңартылатын ең таза және арзан энергия көздерімен жабуға болады. Енді бізге ең арзан электр энергиясы күн электр станциясынан келеді. Президенттің өзі жаңартылатын энергетиканың үлесін 15 пайызға дейін арттыру керек деген. Бірақ бұл сұранысты атом энергиясымен жабу үшін сұраныс қанша пайызға өсетінін білмейміз. Егер таяудағы 10 жылда жаңартылатын энергетиканың 15 пайызын алсақ, онда атом энергиясы қажет болмайды.  

Не істеу керек?

  • «Қазақстанда атом электрстанциясын салу керек пе?»деген сұраққа парламенттік таңдау өткізу қажет. Оған қоғамдық ұйымдарды, эксперттерді, ғалымдарды қатыстырып,пікір алу керек. Екі бас баяндама жасалуы керек, бірі үкіметтен, екіншісі қоғамдық ұйымдардан, содан кейін ашық талқылау болсын.
  • Осы сұраққа жауап ретінде Қазақстан ғалымдарының, мамандарының және халықаралық эксперттердің қорытынды пікірлерін алу қажет.
  • Осы сұрақпен шетел наблюдательдерінің қатысуымен әділ, бүкілхалықтық референдум өткізу қажет.
  • Парламентте арнайы заң қабылдау қажет.
Тегтер: АЭС электр станция мәселе түйін

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 14:00
"Қазақстан халқына" қорына ең ірі сома түсті
Оразәлі СӘБДЕН 20.01.2022, 17:41
Өзгеретін кез келді
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 20.01.2022, 14:13
Сенатор Ақылбек Күрішбаев: «Жалған статистика ауылдағы нақты жағдайды көрсетпей отыр»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.01.2022, 08:50
Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 11:40
Жаңа министр Қазақстан экономикасын қалай қуаттандыратынын айтты
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.01.2022, 08:38
Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48