Қазақстанның бидай өңдеу саласы да былығып жатыр

Әділ АҚЫЛБАЙ

25.08.2021, 09:09

1864

Қазақстандық бидай өңдеушілер одағының  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Таисия Колегова бір сұмдықтың бетін ашыпты. Оның сөзінше, Ресейдің контрабандалық бидайы «бармақ басты, көз қыстымен» тонна-тоннасымен шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінен заңсыз өтіп, Қазақстанға жеткізілуде. Сосын, жаңағы «көлеңкелі» бидай «қазақстандық бидай» деген атаумен біздің ішкі теміржол тасымалының тарифімен түк болмағандай Өзбекстанға қайта экспортталып жатыр екен.

       Соның нәтижесінде әлгі «бидай сатқыш» пысықайлар Қазақстанның бюджетіне не импорт салығын төлемей, не шетелдік жүктің шекарадан өткені үшін транзиттік төлемді де төлеместен, біздің мемлекетімізді, былайша айтқанда, миллиардтаған теңгеге «лақтырып» келген.

      Осылай Қазақстанды екі рет жеп биге шығатын бұл схема бүге-шігесіне дейін әбден ойластырылған. Контрабандалық бидай үшін біздің жергілікті фермерлер өздерінің растайтын құжаттарын береді. Бұл неге керек десеңіз, әкімдіктер жыл сайын астық орағының көрсеткіштерін жоғары етіп көрсету үшін фермерлерді осындай жалған құжаттар жазуға мәжбүрлейді. Сол құжаттарын сататын фермерлер де осы қулықты пайдаланып, өз қоймаларындағы онсыз да жоқ бидайдың «көзін құртады». Ал сол былықтың арқасында ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын «рекордтық астық жиналды, астық қоры мол» деп қойып, ауыз толтыра есеп береді.

       Ал өзі Ресейде өсірілген, бірақ құжаты бойынша «қазақстандық» болып кеткен бидай кейін Өзбекстанда өңделіп, ұн түрінде «Қазақстандық бидайдың ең үздік сұрыптарынан жасалған бидай» деген ұранмен Ауғанстан нарығына сатады. Шындығында, ол бидайды жоғары сұрыпқа сай деуге де келмейді екен, ол көбіне өніп кеткен, сапасы төмен, тіпті зең ауруы бар бидай болуы бек мүмкін. «Міне, осылайша қазақстандық брендтің атынан ақша жасайтыны аздай, Қазақстанның абыройына да зор нұқсан келтіріліп жатыр», – дейді маман.

        Айтпақшы, бидай бизнесімен мемлекетті алдаудың зияны мұнымен де шектелмейді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын қазақстандық бидай өңдеушілер Ауғанстан нарығында Пәкістанды ысырып, көшбасшы орында болса, соңғы екі жыл бойы Ауғанстанға қазақстандық бидайдан жасалған ұн жеткізетін өзбек кәсіпкерлері озып, бәсекелестікке шыдай алмаған қазақстандық ұнның сатылымы барған сайын азайып келеді екен.

      Ал нәтижесі не болды дейсіз бе? Қазақстандық бидай өңдеу саласы құрдымға кетейін деп тұр. Бұған осындай қитұрқы схемаларға жол беретін біздің мемлекеттік органдар кінәлі. Мұны дереу тоқтатпасақ, ертең Қазақстандағы бидай өңдеу саласы «өледі».

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39