Қазақстанның «жасыл» экономикадағы жетістіктері

Әділ АҚЫЛБАЙ

02.08.2022, 16:04

583

Қазақстан «жасыл» өзгерістерді қаржыландыру мәселесіне ден қойып, сөзден іске көшу жағынан өзінің еуразиялық көршілерінен озық шыға бастады. 2022 жылдың басында Қазақстанның «жасыл» экономика  мақсатымен тартқан қаражаты шамамен 100 миллиард теңгені құраған. Бұл Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Қазақстан «жасыл» өзгерістер жолында инфрақұрылым мен заңнамалық базасын бірашама дайындады. Климат жөніндегі Париж келісімін ЕАЭО елдерінің бәрі ратификациялап, парник шығарындыларын төмендетудің ұлттық жоспарларын бекіткенімен, Қазақстан одан әріге барып, көмірсутек квоталарын сату жүйесін жолға қоюға кірісті. Ең бастысы, Қазақстанда «жасыл» тақырыпты алға қарай жылжытатын бірыңғай орталық айқындалып, одан осы бағыттағы шаралардың жүзеге асырылу жағы күшейе түсті.

Астана халықаралық қаржы орталығы аясында Жасыл қаржы орталығы құрылып, Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде бірінші болып жасыл қаржыландырудың өз таксономиясын әзірледі. Соның көмегімен 2020 жылдың тамыз айында «Даму» қорының ең алғашқы жасыл облигацияларын шығаруға септесті.Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар дамудың ұзақ мерзімді мақсаттарын қамтиды. Елімізде 2050 жылға дейінгі стратегия қабылданды. Қазақстан сосын 2060 жылға қарай көмірсутекті нейтралдыққа қол жеткізу жөнінде өзіне міндеттемелер алған. Қазір ұлттық экономика министрлігі нейтралдық стратегиясының екінші кезеңін әзірлеуді аяқтап қалды, ол жүйелілік, тепе-теңдік, қолжетімді мақсаттар мен мүдделі тараптардың бәрін жұмылдыру сияқты базалық принциптерге негізделетін болады.

Қазақстанның көмірсутекті нейтралдығы таза нөлдік шығарындыға қол жеткізуді көздемейді, нейтралдықтың бір бөлігі сіңіру есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Сол себепті министрлік 2025 жылға қарай 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлауда. Қазақстандағы ең ірі энергия беруші, әрі сонымен қатар көмірқышқыл газының ошағы боп отырған «Самұрық-Энерго» холдингі 2060 жылға қарай көмірсутектен нейтралды болуды көзеп отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан 2030 жылға дейін жаңартылатын қуат көздерінің энергетикадағы үлесін 15 пайызға дейін жеткізу мақсатын алдына қойған. 2020 жылдың соңында бұл көрсеткіш 3 пайызды құраса, 2021 жылдың соңында 4,5 пайызды құраған. Елде жаңартылатын қуат көздерінің нарығы белсенді түрде дамып келеді, сол себепті бұл салаға салынатын жекеменшік инвестициялардың үлесі артып келеді.

Айта кетсек, күні кеше, шілденің аяғында Абай облысында қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясы пайдалануға берілді. 2025 жылға дейін кемінде 2 400 МВт жаңартылатын энергия көздерінің қуатын іске қосу жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бар. Абай облысының Аягөз ауданында президент тапсырмасын іске асыру шеңберінде қуаты 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы (ЖЭС) генерациясын бастады.Жобаны іске асыру желіде шамамен 300 млн кВт/сағ. қосымша электр энергиясын беруге мүмкіндік беретін ЖЭК көздерін елдің жалпы энергия жүйесіне белсенді интеграциялаудың жалғасы болып табылады, сонымен қатар жоба шеңберінде шамамен 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасында және Қазақстан-2050 стратегиясында елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2025 жылы 6%-ға, 2030 жылы 15%-ға және 2050 жылы 50%-ға (баламалы көздерді ескере отырып) жеткізу мақсаттары бекітілген.

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа көшуінің негізгі элементтері туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, қазіргі уақытта 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасы пысықталуда, ол экономиканың барлық салаларына әсер етуді бағалай отырып, энергияға көшуге және ESG тұрақты даму тәсілдері негізінде теңгерімді сақтауға бағытталған. «Стратегия жобасына климат саласындағы халықаралық күн тәртібі, тәсілдер, даму кезеңдері мен сценарийлері, сондай-ақ көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу тетіктері сияқты маңызды бағыттар енгізілген. Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске өзінің бейімділігін білдіріп, қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Париж келісімі шеңберіндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күшін салады. Бұл бірлескен және жемісті жұмысқа тікелей байланысты», дейді ол.

Тегтер: жасыл экономика табыс нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:21
Елімізде орташа айлық жалақы қалай есептеледі?
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:57
Үй сатып алу биыл 35 пайызға төмендеген
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:12
Кәсіпкерлер мобильді аударымдардан жаппай бас тартып жатыр
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49