«Қазмұнайгаздың» еншілес ұйымы мұнай қорын ұлғайтты

19.12.2019, 10:09

115

Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегімемлекеттік комиссиясы «Ембімұнайгаз» АҚ «С. Нұржанов» кен орнындағы мұнайқорының ұлғаюын бекітті. Өсім 9,6 млн тоннаны құрады. Нәтижесінде кен орнындағыөндірілетін қор 40,5 млн тоннадан 50,1 млн тоннаға дейін артты.

Қордың өсуіне сейсмикалық және ұңғыма деректерініңнегізінде құрылымдық-тектоникалық үлгіні нақтылау, есептелген параметрлер, жаңаұңғымаларды бұрғылау, С2 санаты бойынша бағаланған учаскелерді сынау негізболды.

«Ескірген кенорындарын оңтайлы әрі ұқыпты пайдаланудың, белсенді геологиялық барлаужұмыстарының арқасында«Ембімұнайгаз»өндірілетін мұнай мен қордың көлемін арттыра білді. Енді көмірсутегі қорын 24%-ға ұлғайту туралы шешім қабылданғаннан кейін, кен орны өзінің өмірін бірнешеонжылдыққа ұзартады, мұнай өндірудің бұрынғы деңгейін сақтап, Ембінің одан әрітұрақты дамуына септігін тигізеді», – деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚБасқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Айта кетейік, «С. Нұржанов» кен орны 1960 жылы ашылып, 1963жылы пайдалануға берілді. Ал 1966 жылдан бастап өнеркәсіптік игеру жұмыстарыжүріп жатыр. Жалпы, кен орнының тарихында сегіз түрлі қорлар есебі жасалды.Соған сәйкес, кен орнының қоры жаңа көкжиектерді игеру мен сапалы геологиялықбарлау жұмыстарының есебінен үнемі өсіп отырды.

«С. Нұржанов» кен орны Каспий маңы мұнай-газ бассейнініңтұзүсті мұнай өндірудің біраз бөлігін қамтамасыз етуде. Ал ембілікгеолог-мұнайшылар қолданған барлау әдістерінің арқасында суланудың төмендеңгейі сақталуда.

Фото: gakyeong.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды
Сайт әкімшілігі 19.02.2021, 13:50
Доллар күрт қымбаттады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.02.2021, 12:16
Мұнай мен Құдай: Қазақ қара алтынсыз болашаққа дайын ба?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51