Қой мен жылқыны сақтандыру мемлекет тарапынан субсидияланады

Еркежан АРЫН

18.08.2021, 16:37

1498

         Егін шаруашылығында ылғалдың жетіспеушілігінен және оның артық мөлшерінен сақтандыру, сондай-ақ мал шаруашылығындағы ірі қараны сақтандыру үшін қолданыстағы өнімдерге ұсақ мал мен жылқыларды сақтандыру қосылды.

         2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін мал шаруашылығында ірі қараны ғна сақтандыру бар болатын. Нарыққа енгізілген жаңа өнімдер ұсақ мүйізді және ірі қара мен жылқыларды толық сақтандыруды қамтамасыз етеді, олар барлық ықтимал тәуекелдерді қамтиды және салыстырмалы түрде төмен құны бар. Осылайша қой мен жылқыны аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан және ұрлықтан, жануарлардың жоғалуынан, өлімінен сақтандыруға болады.

        Кәдімгі сақтандыруды қамтитын жануарларды сақтандыру аясында фермер өзінің малын өз шаруашылығының аумағындағы тәуекелдердің барлық түрлерінен сақтандырады. Малды кеңейтілген қамту форматында сақтандыру кезінде фермер жануарларды 5 шақырым радиуста көршілес шаруашылықтарда аурудың өршуінен сақтандырады.

         Сақтандыруға жататын мал басының саны кемінде 30 болуы керек. Сақтандырылған мал санына байланысты әртүрлі сақтандыру ставкалары белгіленеді, жылқылар үшін – 2,31-ден 6,46 пайызға дейін, ұсақ малдар үшін – 2,38-ден 6,16 пайызға дейін. Басқарушы директор – қор басқарма мүшесі Асқар Қалиев:

        – Бұл өнімдерге сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекет қолдау көрсетеді. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыруға және сақтандыру жарнасы сомасының 50 пайызын субсидиялау арқылы сақтандыру келісімшартының құнын екі есе төмендетуге бағытталған. Сонымен, сақтандыру шартын жасасу кезінде фермер келісімшарт құнының жартысын төлейді, қалған бөлігін оператор – ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді, – деді.

       Жүйеде тек ҚР қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары жұмыс істейді. Бұл сақтандыру өнімдерінің тәуекелдерін әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар халықаралық сақтандыру компаниясы қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелдері кезінде кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді.

Келісімшарт жасасудан бастап, төлемдерге дейінгі барлық процедуралар фермердің электронды цифрлық қолтаңбасына негізделген Qoldau.kz платформасында орналасқан Агросақтандыру қызметінде жүзеге асырылады.

Бұл өнімдерді автоматтандыру ішінара болып табылады. Сонымен, егер жануар ауруға шалдықса, нәтижелері жүйеге жүктелетін эпизоотиялық қызметтермен рәсімдерді жүргізу қажет.

Тегтер: мал шаруашылығы мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:12
«Самұрық-Қазына» ерекше балаларды қолдауды жалғастыруда
Қарлығаш САЙЛАУ 17.08.2022, 15:42
Ұлттық жобалар ауылдың бағын аша ма?
Қарлығаш САЙЛАУ 17.08.2022, 12:08
Кәсіпкерлікті дамытуға нық қадам
Қарлығаш САЙЛАУ 17.08.2022, 10:05
Халықтың әл-ауқатын арттыру – заман талабы
Айнұр ӘЛИ 17.08.2022, 10:00
«Бизнес бастау» бизнеске бастай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 17.08.2022, 08:21
Халық ашықты, азық-түлік қауіпсіздігі шошытты...

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22