29.08.2019, 15:41
389
Ертегідегі Ерназар байдың «Тоғыз ұлымбір төбе, Ертөстігім бір төбе» дегеніндей, Жамбыл облысындағы 9 ауданды бірбөлек те, Қордай ауданын бір бөлек алып қарауға болады. Жері шұрайлы, елішырайлы Қордайдың өңір экономикасын өркендетуге қосып жатқан үлесі зор.
Жалпы, Қордайда 2015-2019жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыныңаясында аумақтық индустриаландыру картасына енгізілген жалпы жобалық құны 49 миллиард840 миллион теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылуда.Ауданға жыл басынан бері негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі 8713,9 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі107,1% құраған. Ал жаңа бизнес-бастамаларды қолдау «Бизнес жол картасы2020» бағдарламасы аясында биыл 740 миллион теңгеге 3 жобаны іске асыружоспарланыпты.
Қордайда жыл басынан бері ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі де едәуір артып, 10158,8 миллион теңгені құраған.Нақты индекс көлемін пайызға шақсақ 106,5-ке орындалған. Бүгінгі күнге ауылшаруашылық саласына 1281,0 миллион теңгеге инвестициятартылыпты. Бұл ретте биыл аудан бойынша барлықауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің көлемі 132039 га болып, өткенжылмен салыстырғанда 593 гектарға артып отыр.
Бұл ретте Қордай ауданының әкіміБолатбек Байтөле:
«Ауданда ауылдық жерлерді таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы республикалық және облыстықбюджеттен 781,3 миллион теңге қаржы бөлініп, Ауқатты ауылындағы сумен жабдықтаужүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Әлжан ана ауылындағысумен жабдықтау жүйелерін құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейінаяқталады деп жоспарлануда»,- дейді.
Бұл ретте Қордай ауданының өнеркәсіпкәсіпорындары жыл басынан бері 6999,9 миллион теңгенің өнімін өндіріп, нақтыкөлем индексі 104,9 пайызды құраған. Сонымен қатар, ауылдық жерлердемедициналық нысандарды көбейту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікарқылы Қалғұты, Кенен, Бел, Мұзбел, Сарбастау және Қызылсай ауылдарына ауылдықамбулатория мен фелдьшерлік пунктер салу бойынша жұмыстар басталыпты. Оданбөлек, «Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша
Отарауылына 180 орындық және Жамбыл мен Қарасуауылдарында 90 орындық мәдениетүйлерінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 13,1 миллион теңге қарастырылыпты. Сондай-ақ, аудан бойынша 11 ауылдықкітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық ашылу жоспарлануда екен.
Атқарылыпжатқан осынау игілікті жұмыстардан бөлек, Қордайда қылмыстың азайғанын айтакеткеніміз жөн. Айталық, ауданда өткен жылмен салыстырғанда аса ауырқылмыстар 18,5 пайызға, ауыр қылмыстар 30,4 пайызға, орта дәрежедегі қылмыстар16,7 пайызға төмендеген.
Ал тиісінше қылмыстың ашылуы 77 пайыздықұрап, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 15,8 пайызға артыпты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР