Қоршауың да заманға сай болса...

24.10.2019, 19:01

10

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатайауданының орталығы – Ақсуат ауылына тұмсығын тірей жатқан Екпін деген ауыл бар.Осы Екпінде тіршілігін дөңгелетіп, осы жерден тапқан несібесімен ертеңін ұштастырыпжүрген азаматтың бірі – Дастан Рахымбаев. Аудан асып, аты ел-жұртқа кеңіненжайылған «Ақ Бәдеш» шаруа қожалығының иесі. Он бес шақты отбасыны жұмыспенқамтып қана қоймай, олардың күнделікті әлеуметтік мәселесін шешуге де сергекқарап жүретін Дастанның ерекшелігі — мал өсірудің қыр-сырын тиянақтыбілетіндігі. Қарамағындағылардың ұйымдастыра білумен бірге қожалықтағытехникалардың кез-келгеніне өзі де отырып, ортақ іске ұлымен бірге шөп шауып,оны маялауға кірісіп кететіні тағы бар.

— Әркім өзініңқолынан келетін шаруасымен айналысады ғой. Анам Бәдеш осы ауылға сыйлы ұстазболды. Ауылдастары ол кісінің кірішіксіз таза, мұнтаздай болып жүретіндігінеқарап «Ақ Бәдеш» дейтін. Балаларының бәрін оқытып, білім бергенде мені ауылғабейімдеп өсірді. «Негізгі байлық сенде. Ұқсата білсең ауыл – сенің өміріңніңболашағы» дегенді жиі айтатын. Тоқсаныншы жылдардағы жекешелендіру кезінде Тарбағатайдыңқойнауындағы ауылдардан елдің бәрі қалаға қарай үдере кешкені рас. Сол кездеанам енді –енді ғана естіле бастаған шаруа қожалықтарын құру туралы Үкіметбастамасын түсініп, осыны жүзеге асыруды қалады. Бұрынғыдай совхоз жоқ, айналажаппай жұмыссыздық, қолда бар малмен үлкен шаруа қожалығына айналу жайынайтқанымен, аса мән бере қоймадым. Бірақ, уақыт өте келе 2005 жылдан бастап, есжиып, еңсе тіктейтін шаққа жеткенде шаруа қожалығын құрып, атын анамныңқұрметіне «Ақ Бәдеш» деп қойдым да, ісімді ілгері бастыруға барымды салдым. Бұлкезде өмірден өткен асыл анамыздың сол бір арманын орындау ниетім де осыболатын, — дейді шаруақор Дастан.

Осылайша маңдайтерін төгіп, ауылынан қозыкөш жер ұзамай, асыл тұқымды ірі қара шаруашылығындамытуға ден қойған оның түпкілікті бір арманы бар екен. Ол — өзініңменшігіндегі жер аумағына қоршау орнатып, ары қарай малын аман-есен сақтап,өсіруге қол жеткізу. Қолы қалт еткенде ғаламторға үңіліп, өзге жұрттардағыфермерлердің істерімен танысуға ұмтылатын Дастанның ойынша, иелігіндегі жердіқоршай білсе, өзіне ғана емес, айналасына да тигізетін пайдасы аз емес.

— Негізі «ҚазАгро»АҚ-ы арқылы осыған кететін материал шығынын есептеткенімде, 450 мың теңгешамасына барды. Аса, қымбат емес, әрине. Бірде Германияда тұратын Витя досымкелді.Ол қазір өзінің тарихи отанында тұрып жатқанымен, осы Ақсуаттың немісі.Жылдап көріспеген досыммен тәуліктеп ат үстінде жүріп, әңгімелескенде естігенім– неміс фермерлерінің барлығы да малын иеліктеріндегі қоршалған жерінде бағадыекен. Оның тиімділігі көп екенін де досым майын тамыза айтып берді. Шындығындада ойлап қарасаңыз, қай фермер болсын өз жеріне жіті көз тігіп,жауапкершілікпен қарайды. Жерін қоршап алып, ішін әр маусымға қарай бөліпқойса, алдымен малын аман сақтауына жақсы. Екіншіден бөгденің малы албатыкіріп, қосылып кете алмайды. Мал ұрлығын болдырмаудың бір жолы осында.Екіншіден ұлан-ғайыр жерің болсын, одан кішірек болсын, жеріңнің құнарынжоғатпауға, қайта оны күтіп баптап, малыңның қысқы азығын дайындауға барыңдысаласың. Үшіншіден, жасыратыны жоқ, қазір жаз шықса айналаңның бәрінде өртқаулап, қаншама жердің шөбі апталап жанып, жойылып кетеді. Күннің ыстығынан,найзағайдың түсуінен жанғанның өзінде сақтық үшін айналасын трактормен жыртып тастасаң,өрттен келер қауіпбола қоймайды деп ойлаймын.  Иесі бар жер болғаннан кейін кім көрінген өтіпбара жатып, темекі тартып, тастай салмайды. Бастысы – қыстауыңа, жайлауыңабұйырған жеріңді қоршауға алсаң, оны қорғауың да шарт. Қоршалған жергебейнекамера қоюға да әбден болады. Есесіне ол сенің малыңның аман-есен өсіп,капиталыңның көбеюіне ықпал етер еді. Ал, қоршалған жер ішінде жайылған малыңасуды күн нұрымен қуаттанатын мотор арқылы арнайы құдық орнатып суғарсаң су даөзіңнен. Яғни, тазалығы күмәнді даладағы суды ішіп, ауырып қалудан аулақболады., -дейді Д. Рахымбаев. Сөз жоқ, бұл қырдың тынысын, табиғаттыңерекшелігін ерте бастан жатқа білетін адамның пайымы.

«Мал баққанғабітеді» дегендей, алдындағы асыл тұқымды табын сиырының өрісін кеңейтіп,бақташылардың қонысы мен тұрмысын жақсарту үшін де жарғақ құлағы жастыққатимейтін азаматқа жұмысшыларының айтар өкпесі жоқ.  «Ақ Бәдештің» малын тоғыз жылдан берікүтіп-баптап жүрген Орынбек Макишев мұнда отбасымен толықтай еңбек етеді. Бізбарғанда ержеткен ұлымен бірге ат үстінде жүр екен.

— Қазір қай фермерүшін де малшы табу оңай емес. Ал өзім отбасыммен бірге осы Дастанның іріқарасына бас-көз болғаныма 9 жылдың жүзі болды. Ешқандай ренжіскен емеспіз.Еңбекті қанау деген жоқ. Жалақыны уақытында беріп, салығы мен зейнетақыға қосааударып, кешіктірмей беріп отырады. Азық-түлік, өзге де қажеттіліктерменқосымша ақы сұрамай-ақ қамтамасыз етіп отыр. Өзіңе жайлы жағдай жасаған адамныңтапсырған ісіне сосын жауапкершілікпен қарайсың. Қазір ұлымыз екеуіміз, тағыекі бақташы бар, екі табын сиырдың жайылымын қадағалап отырмыз, — дейді О.Макишев.

«Көктемнің әр күніжылға азық» дегендей, фермер үшін қазір күздің әрбір күні ашық болса, оданасқан тамаша мүмкіндік жоқ.

— Қыстамаға табынсиырды әкеліп, қоныстандыруға әлі де асықпай отырмын. Мүмкіндігінше таудағыөрісте ұстай түсіп отырмын. Сондай кезде Абайдың «Ерте барсам, жерімді жеп қоямдеп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай» деген өлеңі есіме түседі де тұрады. Әрине,ауқатты байды мысқылдап шығарған өлеңі болса да, оның шындығы бар. Абайөлеңіндегі байдың образындай болудан Құдай сақтасын. Бірақ, бұйырған жерімді«ерте барып, жеп қоймау» үшін әрбір таң атқан сайын күннің қабағын бағыпотырамын, — дейді фермер Дастан әзіл-шыны аралас.

Мамандығына саймектепте ұстаздық етіп жүргенімен, Дастанның жұбайы Мәриям да шаруашылықтыңқұжаттық негіздегі жұмыстарына тиянақты көрінді. Ерінің сөзіне араласпай,жайымен шайын баптап құйып отырып, арасында сұратқан құжатын лып етіп әкелеқояды....

Ал, Дастан қолындағыұялы телефоннан көрсеткен бейнежазбадан шетелдегі фермер өмірінің бір сәтіментанысудың сәті түсті. Қоршалған тұстың барлығында электр тоғы бар сымжүргізіліпті. Бірін-бірі көргеннен ұмтылған сиыр мен бұзаудың қоршау тұсынакеліп қалғанда, тоқ соғып кері қайтқанын көргенде Дастанның арманы осындайөркениетке қол жеткізу екенін түсінгендей болдым. Бұл тек Дастанның ғана емес,күллі қазақ фермерінің арманы боларына күмәнім болған жоқ. Қазіргі жағдайдамұның аса қиын болмайтынын да болжауға болады...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34