Қостанайда биыл 88 көп қабатты үй салынады

17.04.2019, 01:55

12

Қостанай қаласында 2020-жылы 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.  Мәселен, «Юбилейный» ықшам ауданында барлығы 500 пәтерді құрайтын 7 үй салынып жатыр. Бұл туралы Қостанай облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Серік Бейсимбаев облыстық брифингте мәлімдеді.

Биылғы жылы 330 мыңшаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. 2020 жылы «Аэропорт» және «Юбилейный»ықшам аудандарында құрылысты аяқтаймыз деген ниетіміз бар. Ол жерлердемектептер салынады және әрқайсысы 200 орындық екі-екіден балабақша салынады. Жалпыалғанда, 88 көпқабатты үй салынады. Бұл үйлер негізінен коммерциялық жәненесиелік бағыттағы үйлер, сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жалғаберілетін пәтерлер де бар.

Жалпы қазіргі таңдақұрылыс жұмыстары облыста қарқынды жүріп жатыр деуге болады.  «БК-Строй» ЖШС соңғы кезде жолға қойылып кележатқан «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларына да белсенді қатысып кележатқан құрылыс компаниясы. Осы мақсатта «Юбилейный» ықшам ауданында салыныпжатқан 21 үйдің алтауын осы кәсіпорын жүргізуде.

— Төрт үйгетұрғындар көшіп келді. Олардың 90 пайызы ­– «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламасынақатысушылар. Осы айда екі үйді пайдалануға береміз, ал жылдың аяғына дейін тағыда бес жүз үйлік жеті үй бітеді. Қалған тоғыз үйдің құрылысын бастадық. Оныңжетеуі мемлекеттік бағдарламаға кіреді.

Айта кету керек, брифингте«Аэропорт» ықшам ауданындағы былтыр ғана керегесі шытынаған екі тұрғын үйгемердігер компанияның демонтаж жасағаны, келер жылы жаңа үйлер салынатынайтылды.

Қостанай облысы өткенкүздегі есепке сәйкес тұрғын үй құрылысы бойынша республика көлемінде алтыншыорында тұр. Бұған дейін 2018 жылы облыста 111 үй салынғаны айтылған.

Фото: inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:18
Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:14
Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 09:25
Тендер: Ал, жеңдер!

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27