Қостанайдағы егінжай күні

04.07.2019, 05:01

16

Биыл еліміздіңсолтүстік өңірінде бұрыннан егіліп келе жатқан дақылдармен қоса соя егу ісі декөптеп қолға алына бастағаны мәлім. Биыл «Солтүстік соясы» атты арнайыбағдарлама аясында мың гектар жерге соя егілген. Әзірге өсім ойдағыдай. Бұлкөрсеткішті алдағы уақытта 1,5 гектарға жеткізу жоспары тұр. Сол себепті,қандай жиын өтпесін, қандай кеңес болмасын «Солтүстік соясы» айтылмай қалмайды.

Қазақстандағыегіс алқабының көлемі ғана емес, өнім көлемі бойынша да ылғи да алдыменаталатын Қостанай облысы биыл 4555 миллион гектар жерге дән екті. Демек, бұлөңірдің диқандары жиі бас қосып, шаруа жайын талқылап тұруға тиіс. Осыған орайдәстүрлі егінжай күні биыл да өтті. Аудан әкімдері, аймақ диқандары, малөсіруші шаруалар, ветеринария мамандары, ауыл шаруашылығы мен өсімдікшаруашылығын қорғау ғылыми-зерттеу институты мамандары, тұқым шаруашылығы,техника, қосалқы бөлшектер саудалаушы компаниялар қатысқан егістік күніндеауылшаруашылығы техникаларын цифрландыру, егіс алқаптарын әртараптандыру жәнесояның көлемін ұлғайту мәселелері сөз болды. Әр тараптан келген өкілдердіңерекше тоқталғаны – бәсекеге қабілетті, яғни, халықаралық нарықта үлкенсұранысқа ие дақылдардың көлемін ұлғайту, жерді тиімді пайдаланып қана қоймай,майлы дақылдарды әр сепкен сайын жерді тыңайтып отыру технологияларын да сөзетті. Бұлай болмас жөні де жоқ, өйткені, жерді тыңайтып отыруға дұрыстап мәнбермесе, соя егілген жер аз жылдың ішінде-ақ жарамсыз болып қалуы мүмкін. Осы себепті,ғылыми-зерттеу институттары мен шаруалар әріптестікте қимылдап, тиімдітыңайтқыштар шығаруға тиіс. Міне, Қостанай ауданы «Заречный» ауыл шаруашылығы тәжірибестанциясында» өткен басқосу осы проблемалар төңірегінде сөз қозғады.

Басқосуда сөзболған тағы бір мәселе – жылдағы дәстүрлі сұрақтар төңірегіндегі кеңес. Егінніңшығымы, күн райы және оны тиімді пайдалану, ауа райын алдын ала болжай білу,зиянкестер мен шегірткеге қарсы жүргізілетін күрес мәселесі дегендей. Ауылшаруашылығынсубсидиялау мен жоспардың орындалуы төңірегіндегі сұрақтар да қаралды.

Жалпы, биылөңірде ауыл шаруашылығын субсидиялауға 32,1 миллиард теңге бөлінген. Оның 8,9миллиарды өсімдікке, 6,7 миллиарды мал шаруашылығына, 16,5 миллиард теңгесіөзге ауылшаруашылық салаларына арналған.

Ал, арамшөптергеқарсы күрес бағытында гербицидтерге 4,9 миллиард теңге көлемінде субсидиябөлінсе, минералды тыңайтқыштарға 2,5 миллиард, тұқым жаңалау үшін 1,3 миллиардқарастырылған.

Тағы бір айтакетер нәрсе – биылғы көктемгі егіс жұмыстары кезінде жанар-жағар май мәселесітуындаған жоқ. Республика бойынша солай деуге болады. Өйткені, бұл тараптағысубсидия көлемі де жылдағыдан артқан. Қостанай өңірінде биылғы көктемде 71 мыңтонна дизель отыны жеткізіліп, оны қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ 13,9 миллиард теңге бөліпті.  

Жерді тыңайтыпотырудың тиімді бір жолы әртараптандыру болып саналады. Бұл бағыт бойынша биылбылтырғыдан Ілгерілеу бар. Айталық, биыл 530,8 мың гектарға майлы дақылегілген. Бұл былтырғыдан 101,3 мың гектарға артық. Мал азығына арналғандақылдарға 221,6 мың гектар бөлінсе, картопқа 4,1 мың, көкөніске 900 гектар жербелгіленген.

Осындай егісалқабында қазір тіршілік қызып жатыр. Арамшөптерден, түрлі зиянкестердентазарту жұмыстары жоспарға сай атқарылып келеді. Ендігі мәселе күзгі ораққадайындық деңгейі. Қазір аймақ күзгі жиын-терінге 90 пайыз дайын. Бұл көрсеткішжаздың соңына дейін күткен межеге еркін жетеді деп отыр шаруалар. Астық жинаушытехникалар мен қабылдаушы орындардың техникалық базасы да, материалдықкөрсеткіші де күзде ешқандай кедергі жасамайды деп күтілуде. Сонымен қатар,күзгі егістікке 75 мың тонна жанар-жағар май жеткізіліп, шаруаларғажеңілдетілген бағамен берілмек.

Облыс әкімікелесі жылы 600 мың тонна бидай мен 150 мың тонна майлы дақыл тұқымынтереңдетіп қайта өңдейтін «Биогрейн» инвестициялық жобасы жүзеге асатынын айтады.

— Осыған ораймайлы дақыл егістік көлемін 700 мың гектерға жеткізуіміз керек. Республикамызда«Солтүстік соясы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. Сол себепті,теріскейдегі аудан әкімдеріне 2020 жылдың көктемгі егістігіне соя тұқымын алудытапсырамын, — дейді Архимед Мұхамбетов

Соя егудің жәнеегіс алқабын әртараптандырудың басты ерекшелігі – жер құнарының артатыны.Мәселен, майлы дақыл егілген алқапқа келер жылы бидай ексеңіз өнім көлемі артатүседі. 2010 жылдан бері соя егумен айналысып келе жатқан Троянасеріктестігінің жетекшісі Ю.Малышко соя егу туралы тәжірибесімен бөлісті:

— Бұл өзі өтеқызық шаруашылық. Бастысы, бұл өсімдік азот пен ылғалсүйгіш келеді. Соя еккенсоң, келер жылы сол алқапқа бидай ексеңіз, әр гектарынан кем дегендще 30центнер өнім аласыз. Ал сояның өзі баға жағынан өте тиімді. Сол себепті, өсімдіктіңосы түрін өсіруді қолға алуға шақырамын, — деді ол.

Бұл күннің тағыбір ерекшелігі – ауылшаруашылығы техникаларының көрмесі болды деуге болады.Көрмеге қойылған трактор, комбайндардан тартып түрлі тіркемелер, жержыртқыштар, бүріккіштер, т.б техникалар мен құрал-жабдықтардың дені осы өңірдеқұрастырылған. Сонымен қатар шетелдік инвесторлармен әріптестікте құрастырылыпжатқан қуаты мол тракторлардың артықшылығы, цифрландырырылуы жайлы түрлі мәліметтерайтылды. Әрине, бұл көрменің әр жыл сайын техникалық-материалдық базаныжаңартып отыруды талап ететін егін шаруашылығы өкілдері үшін маңызы зор болғанытүсінікті.

Диқандар қазіргіжағдайға сүйене отырып, биылғы өнімділік көлемі жақсы болады деп отыр. Әзіргебәрі ойдағыдай, көленең қырсық килікпесе кем дегенде орташа көрсеткішке еркінжетеміз дейді олар.

Фото:kostanaytany.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34