«Қостөбе-2019» кооперативі құрылды

30.09.2019, 07:38

135

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысын жақсартып, табысын арттыруға арналғанжоба – шын мәнінде, халықтың әл-ауқатын көтерудің таптырмас тетігі. Өйткені бұлбастама арқылы ерінбей еңбек еткендер тұрмысын тіктеп, жай-күйін жақсартпақ.Содан болар, жобаның жүзеге асуына жергілікті тұрғындар да ынталы. Қазір әубастағы күдіктері сейіліп, бастамаға байланысты оң түсінік қалыптаса бастапты.

Мәселен Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылы – облыс тұрғындарының тұрмыстабысын арттыруға арналған жобаға енген пилоттық 10 ауылдық округтің бірі. Ауылдықокругке үш елді мекен қарайды. Ондағы 1222 аулада барлығы 6710 тұрғын тұрады.
Аталған ауқымды жоба бойынша қостөбеліктер шаруасын шалқытып, тұрмысын тіктеугедайын. Бүгінде жобаның бірінші бағыты – жеке қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша 832 азамат тиімді несиеге қол жеткізуге ниет білдірген. Олардың өз аулаларындағы жалпы жер көлемі 85,7 гектарды құрайды. Қазіргі таңда қажетті құжаттар барысы жинақталып, өтінімдер түсудҚалғандарының басым бөлігі –бұған дейін де үй іргесіндегі жерлерін ұтымды ұқсатып, бау-бақша ретінде табыскөзіне айналдырып отырғандар.

Қостөбеліктер жоба шарты бойынша аулаларына екі айналым бойынша өнім алудың бармүмкіндігін қарастыруды көздеп отыр. Олар негізінен қияр мен қызанақ егудіжоспарлауда. Сондай-ақ ауылдағы төрт аула жылыжай арқылы өнім көлемін еселепарттыруды ойластырып қойыпты.
Ол ғана емес, екінші бағыт – мал шаруашылығы бойынша ауылдан жобаға 137қатысушы анықталып, құжаттары түгенделуде. Жоба аясында округте барлық саланықамту бағытында «Қостөбе-2019» кооперативі құрылған. Құрылым бүгінде ауылсыртындағы жерлерді тиімді игеру, жемшөп дайындау, техникамен қамту бойыншажұмыс жоспарын әзірлеуде.
Реті келгенде айта кетейік, 450-ден аса оқушысы бар ауылмен аттас Қостөбе ортамектебіне жанама спорт, акт залы, асхана және 3 оқу бөлмесі, газбен жанатынқазандық ғимаратын салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оған жергіліктібюджеттен 8,1 миллион теңгеге «Күмбез Тас» ЖШС арқылы жобалық-сметалыққұжаттамасы дайындалған. Бастапқыда жоба құны 601,2 миллион теңгені құраса,қазіргі таңда аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімітарапынан жоба құны 388,6 миллион теңгеге ықшамдалып, облыстық басқармағабюджеттік өтінім ұсынылған. Өз кезегінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовмәселенің өзектілігіне назар аударып, құрылыс шараларын уақытты созбай, ертебастауды тапсырды.

Фото: otyrar.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.03.2021, 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44