ҚТЖ-ға дауа жоқ

Қазақстан бюджеті ресейлік өндірушілерді қашанға дейін асырайды?

Әділ АҚЫЛБАЙ

09.02.2021, 09:10

3312

       Қазақстанның ҚТЖ-сы ресейлік паровоз және вагон өндіруші«Трансмашхолдинг» компаниясына жармасып отыр. Шамалас бағаға швейцариялық заманауи вагондар сатып алатын мүмкіндігі бола тұра, Ресейдің баяғыда ескірген стандарттарымен жасалған вагондарын сатып алуы мүмкін. Сонда бұл Еуропаның озық стандарттарымен жасалған вагондарға қазақ лайық емес дегені ме екен?  

      Бұл сорақы жағдай туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қаржыгер-сарапшы Расул Рысмамбетов жазыпты. Оның айтуынша, қазір «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығы дұрыс шешімге келе алмай, басын қатырып отыр: швейцариялық Stadler («Штадлер») компаниясымен бірлесіп, қазақстандық вагон өндірісіне кірісеміз бе, әлде «Трансмашхолдингтің» ресейлік вагондарын алып, соны құрастырамыз ба деген күрделі мәселе туындапты. «Ресейден 1000 вагонды 100 млн долларға (40 млрд теңге) сатып алмақ екен. Ең қызығы, бұл баға мен ақшаны ҚТЖ бюджетіне әлі конкурс басталмай тұрып енгізіп қойған. Оның алдында Швейцария президенті келгенде швейцариялық вагон өндірісі мәселесін талқылап, өзара меморандумдарға қол қойып тастаған», – дейді сарапшы.

      Швейцариялық вагондар мен ресейлік вагондардың бағасында аздаған айырмашылық бар. Еуропа өнімі, әрине, сәл қымбаттау. Бірақ ресейлік өнім әдеттегідей, сапасы ақсаңқырайды, әрбір вагон 15 жылда 400-500 мың долларға күрделі жөндеуді талап етеді. Ал еуропалық вагондарға күрделі жөндеу қажет емес. «Содан кейін швейцариялық вагонды өндірген жағдайда оны қымбатырақ бағаға сатуға болады. Ресейдің вагонын ешкімге сата алмайсың, тек жөндеуге ақша даярлай беруің керек. Швейцариялық вагондарды өзіміздің алюминийден жасауға болады, бірақ ресейдікін өзіңе-өзің арендаға беріп қоюыңа болады, ҚТЖ қазір сөйтіп отыр», – дейді сарапшы.

      Айтпақшы, футболдан әлем чемпионаты өткен кезде туристерді тасу үшін Ресейдің өзі әлгі швейцариялық вагондарды сатып алған екен. Өйткені өз вагондарын шетелдік қонақтарға көрсетуге ұялған болса керек.

        Рысмамбетовтің дерегінше, швейцариялық вагон өндіруші «Штадлер» компаниясы қазақстандық тарапқа  Нұр-Сұлтандағы «Тұлпар-Тальго» зауытын сатып алу бойынша ресейлік «Трансмашхолдингке» қарағанда әлдеқайда тиімді ұсыныс жасапты. Бірақ астаналық зауыт, айналып келгенде, 23 миллион евроға бәрібір ресейліктерге сатылып кеткен. «Грузияға барған біздің туристеріміз швейцариялық вагонмен Тбилисиден Батумиге дейін жүріп көрген. Швейцарияда болғанда, ол вагонға мен де мінгем. Швейцарияның Santis вискиінен кейін, терең әсер қалдырған дүниенің бірі сол вагондары еді. ҚТЖ тағы да қиын таңдауға тіреліп тұр: баяғы «лада-седан-баклажан» немесе Швейцария сапасы немесе бауырлас «Трансмашқа» Қазақстанның бюджетімен көмектесіп, өзімізден өндіріс ашу. Ең сорақысы, «Трансмаштың» вагондары әлі де қара түтінін будақтатып, көмірмен жылынады екен. Швейцариялық вагондардың көмір жақпайтыны айтпаса да түсінікті», – дейді қаржыгер.

     Әй, бірақ, Ресейдің ескісіне қой дейтін кім бар? Жарайды, ҚТЖ ресейліктерге қолдау көрсеткісі келген болар, бірақ оған бюджет ақшасын салайын деп отырғаны несі? «ҚТЖ ресейлік вагондарды қатты алғысы келіп отырса, өз ақшасына алсын! Мен швейцариялық вагондарға мінгім келеді. ҚТЖ деген компанияны мүлдем түсінбейсің. Құлай береді, құлай береді. Бірақ біржолата құлап тынатын түрі көрінбейді. ҚТЖ-ның басшылығын түгел алып тастап, орнына швейцариялық мамандарды қойсақ қой. Сонда отандық теміржол саласында тәртіп орнайтын еді», – деп түйіндейді Расул Рысмамбетов.

Тегтер: теміржол жемрорлық мәселе кәсіпкер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08.05.2021, 09:27
«Барлығы майдан үшін»: Қазақтардың тылдағы еңбегі соғыстағы ерліктен кем болған жоқ
Есбол ҮСЕНҮЛЫ 05.05.2021, 08:58
Каспи банктің миллиардер қожайындары мен «Миллион» борышкері
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.05.2021, 14:52
Қолда бар санаулы қаржыны қалай жұмыс істетуге болады?
Бифат ЕЛТАЕВА 04.05.2021, 11:22
Субсидия зары
Қамал СӘТТІЛІК 30.04.2021, 08:56
Бұл жолғы қымбатшылық алдыңғыларынан өзгерек
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.04.2021, 08:56
Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56