Құмарық пилоттық жобаға қатысуға құлшынып отыр

28.09.2019, 16:54

174

Үкіметотырысында қолдауға ие болып, жуық арада жүзеге асатын үй іргесіндегі жердітиімді игеруді мақсат еткен пилоттық жобаның жемістілігіне көз жеткізу үшін Жамбылоблысының әр ауданынан бір-бір ауыл таңдалып алынғаны белгілі. Аталған жобаға Т.Рысқұловауданынан Құмарық ауылы іріктеліп алынды. Ал, жоба өз жемісін беріп, ауылтұрғындарын зор табысқа кенелтетін болса, онда бірте-бірте өзге ауылдықокругтердің азаматтары да осынау жобаға қатысуына жол ашылады.

Бүгінде Құмарық елдімекенінің тұрғындарынажобаның жай-жапсары, міндеті мен мақсаты, күтілетін нәтижесі бойынша түсіндіружұмыстары жүргізілуде.

Пилоттық жоба бойынша әр жобаға 5 миллионнан – 20 миллион 200теңгеге дейіннесиеге қаржы алуға болады. Несиені өтеу мерзімі 5–7 жыл. Ал, жылдықпайыздық мөлшері небәрі 2,5 пайызды құрайды. Жоба несиесі 5 бағытбойынша: мал шаруашылығы, бау-бақша, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру,техникалар алып, қызмет көрсету және өзге де кәсіп түрлеріне беріледі.

Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының тарапынан 60-қа жуық ұсыныстүскен. Дегенмен, олардың ішінде тек 16-сы ғана толықтай құжаттарын өткізіпті.Құжаттарды қабылдау мерзімі осы айдың аяғына дейін  жалғасады. Сондықтан да мамандар мемлекетұсынған мүмкіндікті пайдалануға шақыруда. Жоғарыда келтірген мәліметтерді бізинвесторларға қызмет көрсету жобалық басқару және цифрландыру орталығыныңТ.Рысқұлов аудандық бөлімінің басшысы Ерғали Юнусовтан білдік. Ерғали Райымжанұлы оданбөлек бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды, жоба арқылы несие алу үшінжылжымайтын заттарды кепілге қою тәртібін, жалпы жобаның жүргізілу процесінтолықтай баяндап берді.

Яғни, жер табыс көзі болуы тиіс. Оның ішінде үй іргелік жер әрбір үйдіңқазынасына, байлығына айналуы керек. Мәселен, осынау пилоттық жоба текбау-бақшамен айналысатындарға ғана емес, мал асыраймын, жеке кәсіп ашамын,жалпақ тілмен айтқанда тірлік істеймін дегендерге де қол ұшын созады. Жұрттыңбақытын бау-бақшадан іздеп, ауылдағы ағайынның тұрмысын көтеруді мақсат еткенжобаға жүрдім-бардым қарамау керек.

Әзірге бұл ауылдан осынау пилоттық жобаға қатысуға 36 адам өтініш білдіріп,оның 22-сі мақұлданыпты. Кешірек құлақтанған тағы 20 тұрғынның өтініші облысқажіберіліпті. Яғни, қазірдің өзінде осынау пилоттық жобаға қатысуға бұл ауылдан56 адам құлшынып отыр.

Фото: wikipedia.org

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31